Архив событий

16/03/2015

«Сот жүйесіне жаңа ақпараттық технологиялардың еңгізілуі»

16/03/2015

Семей гарнизоны әскери сотында 13 наурыз 2015 жылы «Сот жүйесіне жаңа ақпараттық технологиялардың еңгізілуі» атты оқу семинар өткізілді. Семинар жұмысына әскери прокуратура, әскери бөлімдердің заңгерлері, адвокаттар алқасының және БАҚ-ның өкілдері қатысты.   

Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды енгізу 1999 жылы басталған. Қазақстанның барлық соттарында сот органдарының біріңғай ақпараттық-талдау жүйесі (ҚР СЖ БАТЖ)  біртіндеп әзірленіп, енгізілді. Жыл сайын соттарда құжатайналым жүйесі жетілдіруде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік органдарда оның алдын-алу

16/03/2015

Шымкент гарнизоны әскери сотының судьясы Б.Б.Қыйпов 2015 жылдың 5 наурызында 11971 әскери бөлімінде Шымкент гарнизоны әскери сотының 2 жартыжылдық жұмыс жоспарына сәйкес, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік органдарда оның алдын-алу» атты  тақырыбында  Оңтүстік аймағының әскери прокуроры, 11971 әскери бөлімінін қызметкерлері және БАҚ- өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді.

Қатысушылар дөңгелек үстелдің  тақырыбы  бойынша  пікірлерін білдіре отырып, сұрақтар қойып, пікір таласты.

«ҚР Азаматтық іс жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық кодекстеріне енгізілген өзгерістер» атты тақырыпта семинар-оқу өтті

16/03/2015

   Осы жылғы 13 наурызыда Қарағанды гарнизоны әскери  сотының төрағасы Қ.С.Байжанов «ҚР Азаматтық іс жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық  кодекстеріне енгізілген өзгерістер мен тағы да басқа әскери заңдарға қатысты мәселелер атты тақырыпта семинар-оқу өткізді.

 Семинар-оқуға судья Е.Б.Жұмабеков,  Орталық аумақтың  әскери прокуратурасының, Қарағанды гарнизондарында орналасқан әскери бөлімдердің заңгерлері қатысты.