Талапкер сотта студент ұлына ақшалай өтемақыны женіп алды...

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизонының әскери сотында талапкер И-дің 29.09.2016 жылы оған үш адамның орнына екі адамға ақшалай компенсация төлеу туралы ҚР ҰҚК ведомствалық бюджеттік комиссиясының шыққан шешімін, ҚР ҰҚК ШҚ файылдық хабарламасын заңсыз және оның күшін жойып, ҚР ҰҚК-нен бір адамға жанұя мүшесі ұлы – Р.Ильинскийге 4 691 880 теңге мөлшерінде ақшалай өтемақыны өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, талапкер 20... әскери бөлімінде «майор» шенінде жұмыс атқарып жүр. Әскери қызмет өтеп жүрген кезінде оған қызметтік пәтер берілген, ол жабық әскери қалашықта орналасқан. Осыған байланысты, ол үш адамнан тұратын отбасы мүшелеріне тұрғын үйдің орнына ақшалай өтемақыны төлеу туралы бөлім командиріне баянатпен жүгінген. Үш адамнан тұратын отбасы мүшелеріне 14 075 640 теңге мөлшерінде ақшалай өтемақыны төлеу туралы тұрғын үй комиссия мүшелерімен заңды және негізді шешім қабылданды.

Алайда, И.-ға көрсетілген соммадан, тек қана 9 383 760 теңге көлемінде ақшалай өтемақы төленген, яғни бір жанұя мүшесі ұлы – Р.Ильинскийді қоспаған. Себебі ол Алматы қаласында оқуына байланысты И.-мен бірге тұрмайды.

Сот лауазымды адамдардың оның ұлына өтемақы төлемеген іс-әрекеттерін заңсыз деп таныды. Себебі, оның ұлы күндізгі оқуда оқиды және тұрақты онымен бірге тұратын жанұя мүшесі, оған қоса, ол Алматы қаласында уақытша оқу кезінде ғана тұрады және толығымен оның асырауында.

Осыған орай, талапкердің арызы жартылай қанағаттандырылды.

Сот, ҚР ҰҚК ШҚ-дан көрсетілген бір адамға жанұя мүшесі ұлы – Р.Ильинскийге 4 691 880 теңге мөлшерінде ақшалай өтемақыны және сот шығыны ретінде 46 918 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж салығын өндірді.

Талап арыздың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды. 

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі