Архив событий

10/04/2017

Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы 3477 әскери бөлімінің әскери қызметкерлерімен кездесу өткізді

10/04/2017

Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы Д.Баймакулов Қазақстан Республикасы Ұлшттық Ұланы 3477  әскери бөлімінің ғимаратында Ұлттық Ұлан әскери қызметкерлерімен, сондай-ақ командир, оның тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бойынша орынбасарларының қатысуларымен әскери қызметкерлер арасында қылмыстың алдын алу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты тақырыпта кездесу  өткізді.

«Құжаттардың мемлекеттік тілде әзірленуі» тақырыбында семинар сабағы өтті

10/04/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында «Құжаттардың мемлекеттік тілде әзірленуі», тақырыбында семинар сабағы өтті. Семинарға судьялар, кеңсе меңгерушісі және сот мамандары қатысты.

Cеминардың мақсаты- мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту сот құжаттарын  әзірлеу бойынша   әдістемелік көмек көрсету.

Ақмола гарнизоны әскери сотында 2017 жылдың 1-ші тоқсаны бойынша жұмыс қорытындысы өткізілді

10/04/2017

Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы А.Бабатовпен сот қызметкерлерімен 2017 жылдың 1-ші тоқсанының жұмыс қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізілді.

Іс-шара өту барысында есепті мерзімде атқарылған жұмыстары талқыланды, жетекші маман Ж.Шайхыстан қылмыстық және азаматтық статистикалық мәліметтерін баяндады.

Оқуына төленген мемлекеттің қаржысын өндіру туралы» талап арыз толығымен қанағаттандырылды

10/04/2017

Алматы гарнизоны әскери сотымен талапкер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі Академиясы оқуына төленген П. қаржылай ақшаны өндіру жайлы және П. жұмыстан шығаруды заңсыз деп тану, жұмыстан шығару туралы бұйрықтың күшін жою, 1 032 971 теңге көлемінде моральдық шығын өндіру туралы қарсы талап арызы қаралды.

«Медиацияны дамыту орталығы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің 5 жылдық мерейтойы құрметіне

10/04/2017

Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің  өкілі кәсіби медиатор Ш.С.Бектасова РҚБ президенті А.Жулаетың атынан «Медиацияны дамыту орталығы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің 5 жылдық мерейтойы күніне Талдықорған гаронизонының әскери сотының төрағасы Қ.М.Байдуақасовқа және сот ұжымына Қазақстан Республикасында медиация ісін дамытуда және Келісім-азаматтық қоғам қалыптастыруда қосқан белсенді үлесі үшін алғысы мен ризашылығын білдіріп, қоғам игілігі үшін еткен еңбектеріне сәттілік және отбасыларына бақыт тілеп алғыс хатын табыстады. 

 

Ашық есік күні өтті

10/04/2017

Алматы гарнизоны әскери сотында ашық есік күні өтті. Аталған іс – шарада соттың төрағасы Ж.Жайлаубай өзінің жеке қабылдауында азаматтарды қабылдады.

Келушілердің қатарында  В.Химченко адвокат болды. В.Химченко   сұрақтары медиация бойынша түсініктемелер алу үшін жүгінді.

Өтемақыны өндіру туралы талапарыз қанағаттандырусыз қалдырылды

10/04/2017

Алматы гарнизоны әскери сотында талапкер Р. жауапкерлер «Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі» ММ-мен, «Қазақстандық бітімгершілік батальоны» ММ-не жекешелендіруге жатпайтын тұрғын үй орнына төленетін өтемақының айырмашылығын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматық ісі қаралды.

Әскери қызметкерлермен кездесу өтті

10/04/2017

Талдықорған гарнизонының әскери соты «Медиацияны дамыту орталығы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігімен бірлесіп, 54380 әскери бөлімнің әскери қызметкерлерінің және БАҚ өкілдерінің қатысуларымен «Дауларды жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында кездесу өтті.

«Гендерлік теңдік» тақырыбында дөңгелек үстел

10/04/2017

Қостанай гарнизонының әскери сотында «Гендерлік теңдік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға әскери соттың судьялары мен сот қызметкерлері, Қостанай облысы «Күзет» КМҚБ-ның аға инспекторы полиция лейтенанты С. Скиндирова және КМҚБ-ның полицейі полиция старшинасы Н. Агапова қатысты.

Еңбек даулары туралы істер практикасын қарау

10/04/2017

Ақмола гарнизоны әскери сотында төрағалық етуші А.Бабатовтың судьялардың қатысуымен  «Еңбек даулары туралы істер практикасын қарау» атты тақырыпта семинар сабағы өтті.

Семинар сабағында соттардың еңбек дауларын қарау және шешу кезінде заңнаманың кейбір нормаларын сот тәжірибесінде қолдануы және бұзылған құқықтары қорғауына ықпал ететін оның дұрыс қолдануы талқыланды.

Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы азаматтарды қабылдады

10/04/2017

Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы А.Бабатов азаматтарды қабылдау өткізді.

Сот төрағасының қабылдауы азаматтардың арыз-шағымдарын және басқа да өтінімдерін тыңдау, оларды шешу үшін жедел шара қолдану мақсатында, Ақмола гарнизоны әскери сотымен аптасына екі рет, басқа елді мекендерден келген азаматтар үшін күнделікті жұмыс уақытысында өткізіледі.

Проведен День открытых дверей

10/04/2017

Өскемен гарнизоны әскери сотымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы 3477 әскери бөлімінің ғимаратында әскери қызметкерлерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді. 

Шара барысында, сот төрағасы Д.В.Баймакулов әскери қызметкерлерге әскери қызметке қабылдану және әскери қызметтен босату туралы, сондай-ақ әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларына тұрғын үйді жалға алуға төленетін жәрдемақы төлеу туралы сауалдарға жауап берді.

«Сот кабинеті» атты тақырыпта семинар сабағы өтті

10/04/2017

Ақмола гарнизоны әскери сотында «Сот кабинеті» атты тақырыпта сот қызметкерлерінің қатысуымен семинар сабағы өтті.

Семинар сабағында талап арыздардың (арыздардың) «Сот кабинет» жүйесі арқылы жолдануы, қызметкерлердің азаматтарға осы жүйе бойынша жаңалықтарды және мәліметтерді жеткізуі талқыланды.

Кәсіби медиаторлардың байланыс деректерімен стенд орнатылды

10/04/2017

Ақмола гарнизоны әскери сотында Б.Абдукаликов, С.Кулпейсова және тағы да басқа кәсіби медиаторлардың қатысуымен «Медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, басқа санаттағы қылмыстық және азаматтық істерді қарау барысында медиаторлардың қатысуы талқыланған.

Медиаторлар іс-шара өту кезіңде медиативтік келісімнің қолдануын және қай нақты санаттағы істерде медиаторлардың қатысуы бойынша түсіндерме өткізді.