Архив событий

01/04/2017

«Сот кабинеті» сервисін қолдануды үйрету бойынша практикалық сабақ

01/04/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотымен «Сот кабинеті» сервисінің функциялары мен оны қолдануды үйрету бойынша жұмыс жалғасуда. Осылайша Алматы қаласының адвокаттар алқасының адвокаты Г.Ж.Сулейменова Сот кабинеті сервисінің  мүмкіндіктері бойынша сот қызметкерінен практикалық сабақ алды.

«Қазақстан Республикасы Әскери сотының 25 жылдығын мерекелеу қарасында»

01/04/2017

Алматы гарнизоны Әскери сотының төрағасы Ж.Жайлаубай  Д.А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының профессорлық – оқытушылық құрамы және 4 курс студенттерімен «Қазақстан Республикасы Әскери сотының 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қаралды

01/04/2017

Алматы гарнизоны Әскери соты судья Қ.З.Естайдың төрағалық етуімен, ҚР ҚК-нің 445-бабының 1-бөлігімен айыпталған Қ.Б.Исаевқа қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, 2017 жылғы 15 ақпанда Исаев Қ.Б. және Исаев А.Б. екеуі сөзге келіспей қалған. Соның барысында, Исаев А.Б. сол жақ бетінен және мұрнына бір соққы алған.

Нәтижесінде, 2017 жылдың 23 ақпандағы №04-06-714 сот медициналық сараптама қорытындысына сәйкес А.Б. Исаевтың денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келтірілген.

Өткізу режимін күшейту

01/04/2017

Ақмола гарнизоны әскери сотында Ішкі қауіпсіздікті және соттардағы сыбайлас жемқорлықты алдын алу бөлімімен  «Өткізу режимін күшейту» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Іс-шараға кеңсе меңгерушісі Б.Төлебаева, ішкі қауіпсіздікті және соттардағы сыбайлас жемқорлықты алдын алу бөлімінің бас маманы С. Асильбеков және сот қызметкерлері қатысты.

«Қысқартылған қылмыстық істердің және жеңілдетілген азаматтық істердің қаралуы»

01/04/2017

Алматы гарнизоны Әскери сотының төрағасы Ж.Н.Жайлаубай  гарнизондардың прокурорлар қатысуымен «Қысқартылған тәртіппен қаралған қылмыстық істердің және жеңілдетілген тәртіппен (жазбаша) қаралатын азаматтық істер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

«Дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша Пилоттық жоба» атты тақырыпта «Ностальжи» радиосында ақпарат берілді.

01/04/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сотының кеңсе меңгерушісі Н.Нурмановамен «Ностальжи» радиосында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже» туралы ақпарат берілді.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

01/04/2017

Өскемен гарнизоны әскери соты Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі 27943 әскери бөлімінің қатардағы жауынгеры С.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 188 бабы 1 бөлімімен айыпталған  қылмысты жасаған күдігі бойынша сотқа келіп түскен қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды.

«Мемлекеттік тіл тағдыры өзіміздің қолымызда»

01/04/2017

Алматы гарнизоны Әскери сотының бас маманы Г. Махатова сот мамандарының қатысуымен «Тіл тағдыры өзіміздің қолымызда» атты тақырыпта семинар сабағын өткізді.

Бас маман Г. Махатова өз сөзінде, қазіргі таңда қазақ тілінің мемлекеттік органдарда, оның ішінде сот саласында маңызы артып келетінің ескерді. Ата Заңымыз – Конституция мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге кепілдік береді.                  

Бүгінде  мемлекеттік тіл сот жүйесінде, сот істері мен іс қағаздарын жүргізуде кеңінен қолданылуы үлкен маңызға ие болып отыр.

Шымкент гарнизоны әскери сотында «Ашық есік күні» өтті

01/04/2017

Шымкент гарнизоны әскери сотында «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараға келген азаматтарды Шымкент гарнизоны әскери сотының төрағасы  қабылдады.

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, «Медиация туралы» Заңының талаптарын қолдануды түсіндіру және  БАҚ өкілдері мен азаматтардың сауалдарына жауап беру үшін  өткізілді.

Іс-шараға келген гарнизондардың әскери прокурорлары, әскери бөлімдердің заңгерлері  медиацианы қолдану ерекшеліктерін талқыға салды. 

«Сот отырысында аудио-, бейнежазба құралдарын пайдаланудағы мәселелер»

01/04/2017

Ақмола гарнизоны әскери сотында «Сот отырысында аудио-, бейнежазба құралдарын пайдаланудағы мәселелер» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.        

Аталған іс-шараға кеңсе меңгерушісі Б.Төлебаева және сот қызметкерлері қатысты.

«Отбасыны әлеуметтік жағынан қорғау, миф және шынайы» тақырыбында талқылау өткізілді

01/04/2017

Қарағанды гарнизоны әскери сотында «Отбасыны әлеуметтік жағынан қорғау, миф және шынайы» тақырыбында «тренинг» өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрді.

Іс-шараға әскери сот төрағасының міндетін атқарушысы Е.Б.Жұмабеков., Орталық аймақтың әскери прокурорының орынбасары А.В.Асатчев., «Нисса» гендерлік зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары медицина ғылымдарының докторы, профессор Г.Тминова және әскери бөлімдердің «Әйелдер кеңестерінің» өкілдері қатысты.