Сот балаларды отбасы мүшесі деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы гарнизоны Әскери сотымен Б.Крыкпаевтың ҚР ҰҚК ШҚ Академиясына қатысты үнемі бірге тұратын балаларын отбасы мүшесі деп тану, қаржылай өтемақыны өндіру, сот шығындарын өтеу туралы азаматтық ісі қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, Б.Крыкпаев  ҚР ҰҚК ШҚ Академиясында әскери қызметін атқарған, қызметтік тұрғын үйі бар, әскери қызметте еңбек өтілі 20 жылдан артық мерзімді құрайды. Б.Крыкпаев  2016 жылдың наурыз айында қаржылай өтемақыны өндіру туралы баянатпен басшылыққа жүгінген. Академия басшылығымен қаржылай өтемақыны отбасының екі мүшесіне, талапкер мен жұбайына өндірген, басқа қалалардың оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын балалары өтемақы есебінен алынып тасталған. Талапкер арызын толығымен қанағаттандыруды сұрады, балалары К.Кырыкпаевты, Т.Крыкпаевты, А.Крыкпаеваны отбасы мүшесі деп танып, 14 075 640 теңге көлемінде өтемақыны өндіріп, 140 756 теңге сот шығындары мен 100 000 теңге көлемінде өкілдің көмегі үшін жұмсалған қаражатты өндіріп беруді сұрады.

Жауапкердің өкілі талап арызды мойындамай, Б.Крыкпаевтың құжаттарын қарау барысында, тұрғын үй комиссиясы өтемақы алушылардың қатарынан басқа қалалардың оқу орындарында оқитын балаларын алып тасталғанын, себебі ата – аналарымен балалары бірге тұрмайтындығын айтты. Өтемақы екі адамға төленген болатын. Жауапкер өкілі ескіру мерзімін қолданып, талап арызды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады. Себебі, тұлғаның құқықтары бұзылғаны белгілі болған сәттен, заңды тұлғаның іс – әрекетіне үш айлық мерзім ішінде шағымдануы тиіс.

Сот талапарызды толығымен қанағаттандырды.

Сот шешімі заңдық күшіне еңген жоқ. 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі