Архив событий

23/12/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотымен «Сот кабинеті» электрондық сервисі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

23/12/2016

Сот кабинеті – сот органдарының жүйесіне электронды түрде қолжетімділік. Азаматтар мен заңды тұлғалар кез-келген өзіне ыңғайлы уақытта, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режимінде «Сот кабинеті» интернет-сервисі (www.sud.kz) арқылы электронды түрде талап арыздарды беруге, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сондай-ақ істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндіктері бар.

«Sny Compani» телеарнасында сұхбат

23/12/2016

Алматы гарнизоны Әскери соты судьясы Қ.Естай Қапшағай қаласының жергілікті телеарнасына «Қоғам дерті – сыбайлас жемқорлық» тақырыбында сұхбат берді.

Өз сұхбатында судья, сыбайлас жемқорлыққа қарсылық ету – әр азаматтың борышы. Сыбайлас жемқорлық бұл әлеуметтік құбылыс ретінде осы күнге дейін саяси дамуына қарамастан, әлемнің барлық елінде, оның ішінде Қазақстанда да тіршілік етіп келеді, тек айырмашылығы ауқымдылығында екенін айтты.

Қорғаныс істер жөніндегі Департаментте дәріс өткізілді

23/12/2016

Қостанай гарнизоны әскери соты төрағасы А.Исабеков 2016 жылы 13 желтоқсанда Қостанай облысының Қорғаныс істер жөніндегі Департаментте басшылық пен жеке құрамының қатысуымен «ҚР-сы судьялардың VII съезде Судьялардың этикалық кодекстің нормаларын қабылдау туралы. Ұлттың жоспары – елбасы Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформаларды іске асыру жөніндегі 100 нақты қадамдарды іске асырудың қорытындысы» такырыбымен дәріс өткізді.

Талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

23/12/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотымен 12 желтоқсан 2016 жылы Ж.Сахитованың ҚР ҰҰ «5518  әскери бөлімі» РММ-нен қызметтік тұрғын үйді бөліп алу туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды

23/12/2016

Ақтөбе гарнизонының әскери сотында қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін, әскери қызметші Ш.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот анықтағандай, әскери қызметші Ш. азаматша А.-ның үйінде, арасындағы ұрыс салдарынан қасақана денесіне соққылар жасап, оның денсаулығына жеңіл түрде зиян келтірген.

Сотта жәбірленушіден сотталушыға наразылығы жоқ екенін және онымен медиация тәртібінде өзара татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы жәбірленушіден өтініш хат түсті.

Оңайтылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

23/12/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотымен оңайтылған іс жүргізу тәртібімен С.Сошневтің А.Жантеннен қарыз негізінде берешекті өндіріп алу туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Судьялардың кезектен тыс жетінші съезінің матералдарын зерделеу

23/12/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотының судьялары мен сот мамандары қатысуымен 2016 жылдың 21 қарашасында өткен Судьялардың кезектен тыс жетінші съезінің материалдарын зерделенді.

Қатысушылардың негізгі назарлары Елбасы Н.Назарбаевтың, сот жүйесіне қатысты көтерген  өзекті мәселелеріне, яғни сот тәуелсіздігі, сот төрелігінің одан әрі жетілуі, сот билігінің ашықтығы мен қолжетімділігі, сот кадрларының кәсіби және ішкі дүниесінің өнегелік деңгейін көтеруге аударылды.

«Sny Compani» жергілікті телеарнасында сұхбат

23/12/2016

Алматы гарнизоны Әскери сот төрағасы Ж.Жайлаубай жергілікті телеарнада, «Судьялардың жаңа әдебі кодексі – Ұлт жоспарының 100 нақты қадамын жүзеге асырудың көрінісі» тақырыбында сұхбат берді.

Сот төрағасы өзінің сөзінде, Елбасының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру,Ұлт жоспарының 100 нақты қадамын орындау судьялардың жаңа әдебі кодексін қабылдау туралы екендігін атап өтті. 

Әскери бөлімде семинар сабағы өтті

23/12/2016

2018 әскери бөлімінің жеке құрамымен  «Медиацияның рәсімі» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға 2018 әскери бөлім қызметшілері қатысты.        

Ақтау гарнизоны әскери сотының судьясы Б.Омаров 2016 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексі күшіне енгендігі, соттағы татуластыру тәртіптері заңнамаға сай кеңейтілгендігі туралы баяндама оқыды.

Іс соттылығы бойынша жолданды

23/12/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотымен ҚР Қорғаныс Министрлігі «44051 әскери бөлімі» РММ-нің М.Жанабековтан және ҚР Қорғаныс Министрлігі «Өскемен АПБ» РММ-не келтірілген залалды өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот талқылауы барысында сотпен, арыз бойынша жауап беруге тиіс тұлғаға емес, басқа тұлғаға, яғни М.Жанабековке ұсынылғаны анықталған. Сонымен, талапкер ҚР ҚМ «44051 әскери бөлімі» РММ-нің өкілі Г.Даутовтың өтінішхаты бойынша М.Жанабеков жауапкерлер тізімінен шығарылды.

Сотпен анасы баласының асырауында болу фактісі анықталды

23/12/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен өтініш беруші Е.Нусуповтың заңды фактісін тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот барысында арызданушы Е.Нусупов өзінің 40398 әскери бөлімінде әскери қызметін атқарып жүргенін айтты. Оның асырауында 1964 жылы туылған  анасы Қ.Сыртанова өзімен бірге Үшарал қаласында тұрады, бірінші топтағы мүгедек, терапевт пен кардиолог дәрігерлерінде диспанселік тізімде тұр. Ауруына байланысты анасына күнделікті күтімді қажет етеді. Өздерінің пәтерлері жоқ. Әкесі жоқ.

Сот мамандары арасында семинар сабағы өткізілді

23/12/2016

Ақтау гарнизоны әскери сотында  сот қызметкерлерінің  қатысуымен «Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Кеңсе меңгеруші Ж.Қолғанат «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп қағидалары)» 2015 жылдың 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен бекітілгендігін атап өтті.

Сот актілерінің бұзылуы және өзгертілу себептері

23/12/2016

Қостанай гарнизонынның әскери сотында 2016 жылы 14 желтоқсанда судьялар тарапынан азаматтық істер бойынша сот актілерінің бұзылуы және өзгертілу себептерін талқылауы бойынша семинар өткізілді.

Семинарды сот төрағасы А.Исабеков өткізді. Азаматтық істерді қарайтын судьялар шешімдердің бұзылуын, оның өзгертілу себептерін талқылады.

Сот төрелігін іске асыру сапасын арттыру, судьялардың кәсіптілігі мен құқықтық білімдерін көтеру мақсатында іс-шара ұйымдастырылған.

Өскемен гарнизоны әскери сотында «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

23/12/2016

Өскемен гарнизоны әскери соты Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған күзет қызметі қызметкерлерінің қатысуымен «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Аталған шараға сот төрағасы Д.Баймакулов, кеңсе меңгерушісі Ж.Ерубаева, сот қызметшілері, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған күзет қызметі қызметкерлері 1 полиция батальоны командирінің орынбасары полиция капитаны А.Байкуанышев, 1 батальон командирінің көмекшісі полиция старшинасы А.Темирбаев қатысты.

«Сот органдарының заманауи ақпараттық технологиялары» тақырыбында семинар өткізілді

23/12/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотында «Сот органдарының заманауи ақпараттық технологиялары» тақырыбында судьялар мен сот қызметкерлерінің, әскери гарнизондардың прокурорлары және адвокаттардың, сонымен қатар әскери полицияның қызметкерлері мен әскери бөлімдердің заңгерлерінің қатысуларымен семинар өтті.

Сот бұйрығы шығарылды

23/12/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотымен «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі» ММ-нің өкілі М.О.Битемировтың Б.Т.Секеновтан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Академиясында оқуға кеткен 591 480 теңге қаражатты өндіріп алу бойынша сот бұйрығын шығару туралы арызы негізінде азаматтық ісі қаралды.

Сот жол-көлік оқиғасына кінәлі әскери қызметшіге жаза тағайындады

23/12/2016

Гарнизондық әскери соттармен тәрбиелік мақсатта әскери қызметкерлердің арасында болатын қылмыстар бойынша сот отырыстары әскери бөлімдерде жеке құрамның қатысуымен өткізіліп отырады.

Осындай бір сот отырысы Талдықорған гарнизоны әскери сотымен Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек кентінде орналасқан 29... әскери бөлімінде көшпелі сот отырысында Т-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.