Архив событий

26/12/2016

Әскери қызметші қызмет орнын өз бетімен тастап кеткені үшін сотталды

26/12/2016

2016 жылдың 15 желтоқсанда Талдықорған гарнизонының әскери сотымен ҚР ҚК-нің 441 бабының 1 бөлігімен айыпталған 29108 әскери бөлімінің әскери қызметкері А.Чекодановқа қатысты қылмыстық іс  қаралды.

Сотпен анықтағаныдай, 2014 жылы 10 желтоқсанда уақытша әскери қызметінен жалтару мақсатымен, себепсіз жағдаймен, лейтенант А.Чекоданов өз бетімен қызмет орнымен әскери бөлімді бейбіт уақытында тастап кетті. Сол себептен, өз бетімен жоқ болуы бір айдан астам созылды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіндегі партисипативті рәсімдері туралы

26/12/2016

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының судьясы А.Ахметов  «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіндегі бітімгершілік рәсімдері туралы» тақырыбында семинар өткізді.

Аталған іс-шараға Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Д.Наурызбаева, әскери бөлімдерідегі әскери қызметшілер мен мекемелерінің заңгерлер қатысты.

«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының жүзеге асырылуы» атты тақырыпта дөңгелек үстел

26/12/2016

ҚР Әскери сотының ҚР судьяларының кезектен тыс VII съезінің іс-шараларын жүзеге асыру жоспарының 4-ші тармағына сәйкес, 2016 жылдың 22 желтоқсан күні Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының жүзеге асырылуы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

«Дөңгелек үстел» өткізілді

26/12/2016

Қостанай гарнизонының әскери сотында әскери прокуратураның өкілі әділет капитаны Р.Тұғыровтың қатысуымен «Жұмысқа қайта орналастыру туралы істерді сотта қарау барысында туындайтын мәселелер» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

2016 жылы аталған санаттағы істердің әскери сотқа түсу саны едәуір көбейді. Қызмет пен жұмысқа қайта орналастыру туралы талап арыздармен офицерлер, келісім-шарт бойынша әскери қызметшілер және ҚР Қарулы Күштерінің қызметшілері жүгінеді.

Семинар сабағы өткізілді

26/12/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотында «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының қағидаттары. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбына сот мамандарының қатысуымен семинар сабағы өтті.

Сот 24 082 782 теңге көлеміндегі зиянның құнын өндіруге қатысты талап-арызды қанағаттандырусыз қалдырды.

26/12/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотында ҚР Қорғаныс министрлігінің 26441 әскери бөлім командирі Е.Серикбаевтан 24 082 782 теңге көлеміндегі зиянның құнын өндіру туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс бойынша сотта анықталғандай, 2015 жылдың 12 мамырында 26441 әскери бөлімдегі жердің астына орнатылған резервуардан 108 481 килограмм, яғни 24 082 782 теңге көлемінде дизель жанармайының ағып кеткен фактісі орын алған.

«Медиация тәртібімен дауларды шешу» тақырыбында семинар

26/12/2016

Алматы гарнизоны Әскери сотының судьясы Қ.Естай «Қ.Сатпаев атындағы ҚазҰИТУ» ҰАҚ әскери кафедрасында сот төрағасы Ж.Жайлаубайдың, әскери кафедра басшысы әділет полковнигі Т.Сагымбековтың, профессорлық – оқытушылық құрамы мен студенттердің қатысуларымен семинар «Медиация тәртібімен дауларды шешу» тақырыбына семинар сабақ өткізді.

Негізсіз артық төленген өтемақы шығындарын өндіріп алу туралы талап арыз қанағаттандырылды.

26/12/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотымен ҚР Қорғаныс Министрлігі «97638 әскери бөлімі» РММ-нің С.Капселемовтен 3 493 800 теңге сомасындағы негізсіз артық төленген өтемақы шығындарын өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер сотымен ҚР Қорғаныс Министрлігі «97638  әскери бөлімі» РММ-нен С.Капселемов қызметтік тұрғын үйді қайтарусыз жекешелендіру құқығының орнына ұсынылған жекешелендіруге жатпайтын 3 493 800 теңге көлемінде негізсіз артық төленген өтемақы шығындарын өндіріп алу туралы арызбен сотқа жүгінді.

«Медиация Заңын қолдану» тақырыбына дөңгелек үстел

26/12/2016

Қарағанды гарнизоны әскери соты, судьялар мен сот қызметкерлерінің және кәсіби емес медиатор Л.Жукованың қатысуларымен «Медиация Заңын қолдану» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.  

Дөңгелек үстелді өткізудің басты мақсаты «Медиация туралы» Заңның қылмыстық, азаматтық істерді қарау барысында дұрыс қолдану болды.

Бітімгершілік келісім бекітілді

26/12/2016

Ақтау гарнизоны әскери сотымен талапкер «ҚР Қорғаныс министрлігі»ММ жауапкер К-ға қызметтік пәтерді пайдалану құқығы жойылды деп тану және тұрғын үйден шығару туралы азаматтық ісі бойынша бітімгершілік келісімі бекітілді.

Семинар сабағы өткізілді

26/12/2016

«Сот кабинеті» тақырыбында бас маман Ж.Бекеновамен 5511 әскери бөлімінде көшпелі семинар сабағы өткізілді. Аталған іс-шараға, әскери бөлімнің өкілдері қатысты.