Архив событий

06/12/2016

«Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы сот актілерін орындауға жолдау» тақырыбында семинар өтті

06/12/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы сот актілерін орындауға жолдау» тақырыбында семинар өтті.

Кеңсе меңгерушісі Г.Себаева сот отырысының хатшыларын «Қаулыларды, сот актілерін, сот бұйрығын орындауға жолдау туралы» нұсқаулықпен қосымша таныстырып, сот актілерін орындауға жолдаған кезде электрондық түпнұсқасының әр реквизиттерін, яғни өндіруге жататын сомасын, орындалатын кұжат түрін толығымен толтыруды тапсырды.

«Ашықтықты жоғарлатуға бағытталған бағдар» тақырыбында дөңгелек үстел

06/12/2016

Алматы гарнизоны Әскери сотының судьясы Д.Алиаскаров Алматы қаласының Радиоэлектроника және байланыс әскери – инженерлік институтында «Ашықтықты жоғарлатуға бағытталған бағдар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, мұнда Алматы гарнизоны Әскери сотының төрағасы Ж.Жайлаубай, Радиоэлектроника және байланыс әскери – инженерлік институтының басшысы генерал – майор К.Садыков, профессорлық – оқытушылық құрамы мен институттың әскери қызметкерлері қатысты.

Толық түрде қанағаттандырылды

06/12/2016

Ақмола гарнизоны әскери сотында талап қоюшы «ҚР Ұлттық гвардиясының 5512 әскери бөлімі» РММ-мі жауапкер Е.Айткеновке қызметтік баспанадан шығару  талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Әскери қызмет өткеру кезеңінде жауапкерге мемлекеттік тұрғын үй қорынан қызметтік баспана берілген. ҚР Ұлтық Ұланың Бас қолбасшысының бұйрығымен, теріс қылықтары үшін жұмыстан босатылған.

Жауапкер өз еркісімен қызметтік баспанасын босатудан бас тартқан. Осыған байланысты талапкер, жауапкерді қызметтік баспанасынан шығаруды сұраған.

Процессуалдық келісім жасалды

06/12/2016

Алматы гарнизоны Әскери сотымен ҚР ҚК 439-бабының 3-тармағы 2-бөлігімен Е.Канафинге қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, Е.Канафин әскери қызметін 21450 әскери бөлімінде атқарған. 2016 жылдың 13 қыркүйегінде барлау батальонының жеке құрамы «Матыбұлақ» полигонында тактикалық және от тәжірибелік сабақтарын өткізу үшін шатыр құрған.