Қызметке салғырт қарағаны үшін офицер кінәлі деп танылды.
Қызметке салғырт қарағаны үшін офицер кінәлі деп танылды
Қызметке салғырт қарағаны үшін офицер кінәлі деп танылды
Қазақстан Республикасы Әскери сотының жаңа төрағасы таныстырылды.
MAQSUT NARIKBAEV атындағы (КАЗГЮУ) универститетінде мемлекеттік, жекеменшік ұйымдардың өкілдері және жас мамандардың қатысуымен «Job Fair 2024» іс-шарасы өтті.
Job Fair - университет түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге бағытталған жыл сайынғы өткізіліп отыратын іс-шара.
Қазіргі уақытта Астана қаласының маңындағы елді мекендерді су басу қаупі бар.
Ақмола облысының Тайтөбе ауылында су басу қаупін жою мақсатында жүргізіліп жатқан су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында Жоғарғы Сот басшылығының бастамасымен ұйымдастырылған «Халықпен бірге!» акциясына Әскери соттардың судьялары мен Сот әкімшілігі департаментінің қызметкерлері қатысты.
Су басу қаупін азайту үшін құм салынған қаптар дайындалды.
Шымкент гарнизонының әскери сотында сот төрағасы А.Джанасовтың төрағалық етуімен «Сот актілерін орындау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара жұмысына гарнизондардың әскери прокурорлары, әскери бөлімнің заңгерлері, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары, судьялар, сот әкімшісінің басшысы және мамандар қатысты.
2024 жылдың бірінші тоқсанында гарнизондардың әскери соттарында сот жүйесінде мемлекеттік тілді жетілдіру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Іс-шаралар жұмысына Бас әскери прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу басқармасының және өңірлік гарнизондардың әскери полиция басқармасының өкілдері мен әскери бөлімдердің заңгерлері қатысты.
Іс - шаралардың негізгі мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мәртебесін арттыру.
2024 жылғы 29 наурызда «Алқа билердің қатысуымен қаралатын істер» тақырыбында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы Е.Е.Шәріпбековпен, Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуратурамен және Құқық қорғау органдары академиясының профессоры Д.Х.Наймановамен қылмыстық іс бойынша студенттер арасында оқу сот процесі өткізілді.
Алқа билер ретінде Еуразия ұлттық университетінің және М.Нарықбаев атындағы университетінің студенттері қатыстырылды.
Ақтөбе гарнизонының әскери сотымен аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша әскери қызметші С.–ға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. (ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-б. 2-т.)
Қазақстан Республикасы Әскери сотында «Әкімшілік істерді қараудағы тұрғын үй мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.