Job Fair 2024

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

MAQSUT NARIKBAEV атындағы (КАЗГЮУ) универститетінде  мемлекеттік, жекеменшік ұйымдардың өкілдері және жас мамандардың қатысуымен «Job Fair 2024» іс-шарасы өтті.

Job Fair - университет түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге бағытталған жыл сайынғы өткізіліп отыратын іс-шара.

Іс-шараның мақсаты – бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға азаматтардың біліктілік талаптарына сәйкес келетін бос жұмыс орындарын ұсынуда көмек көрсету, сондай-ақ, жұмыс берушілерге қажетті қызметкерлерді таңдау болып табылады. Аталған іс-шара жыл сайын түлектердің ұйымдарға және кәсіпорындарға жұмысқа тұруына көмектесу мақсатында жүргізіледі. 

Іс-шара барысында сот әкімшілігі Әскери соты департаментінің персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің мамандары  Л.А.Смағұлова және  Г.Т.Иманғалиева үміткерлерге мемлекеттік әкімшілік бос лауазымдарына қызметке орналасу тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар, үміткерлердің қойылған сұрақтарына жан-жақты жауап беріліп, қазіргі таңда ҚР Әскери сотының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымдарына универститеттің жас түлектерін жұмысқа шақырды.

Осындай іс-шаралар жұмыс берушілермен тығыз ынтымақтастықта болуға ықпал етеді және жоғарғы оқу орны түлектерін жұмысқа орналастыруға көмектеседі.