Әскери сотта студенттерге арналған оқу сот процесі өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2024 жылғы 29 наурызда «Алқа билердің қатысуымен қаралатын істер» тақырыбында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы Е.Е.Шәріпбековпен, Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуратурамен және Құқық қорғау органдары академиясының профессоры Д.Х.Наймановамен қылмыстық іс бойынша студенттер арасында оқу сот процесі өткізілді.

Алқа билер ретінде Еуразия ұлттық университетінің және М.Нарықбаев атындағы университетінің студенттері қатыстырылды.

Құқық қорғау органдары академиясының профессоры Д.Х.Найманова өзінің теориялық және практикалық тәжірибесімен бөлісті.

Сот процесін модельдеу арқылы алқабилерді іріктеу, сот тергеуі мен жарыссөздерін жүргізу, алқабилер алқасының шешуіне жататын сұрақтарды тұжырымдау кезіндегі тән қателер талқыланды.