Шымкент гарнизонының әскери сотында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент гарнизонының әскери сотында сот төрағасы А.Джанасовтың төрағалық етуімен «Сот актілерін орындау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел  өтті.

Іс-шара жұмысына гарнизондардың әскери прокурорлары, әскери бөлімнің заңгерлері, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары, судьялар, сот әкімшісінің басшысы және мамандар қатысты.

Іс-шара барысында атқарушылық іс жүргізу және оларды шешу жолдары бойынша проблемалық мәселелер белгіленді. Сот актілерін орындау, қылмыстық және азаматтық істер бойынша атқарушылық іс жүргізулерді орындамау және орындаусыз қайтару, орындау барысын кешіктіру, сот орындаушыларының жұмысын күшейту мәселелері талқыланды.

Сот актілерінің орындалуын одан әрі бақылау мақсатында А.Джанасов сот орындаушыларына сотпен үнемі салыстыру актісін жүргізуді ұсынды.

Қатысушылар жұмысты жақсарту бойынша пікір алмасты, соңында тұрақты қателіктерді, кемшіліктерді жою, атқарушылық құжаттардың негізсіз қайтарылуына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдау мақсатында ұсынымдар әзірленді.