Мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2024 жылдың бірінші тоқсанында гарнизондардың әскери соттарында сот жүйесінде мемлекеттік тілді жетілдіру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Іс-шаралар жұмысына Бас әскери прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу басқармасының және өңірлік гарнизондардың әскери полиция басқармасының өкілдері мен әскери бөлімдердің заңгерлері қатысты.

Іс - шаралардың негізгі мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мәртебесін арттыру.

Талқылау барысында ашықтық, сот ісін жүргізудің қолжетімділігі және мемлекеттік тілде іс жүргізу тиімділігінің мәселелері көтерілді.

2023 жылы әскери соттарда мемлекеттік тілде істерді қарау 42%  құрады. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда әскери соттарда істерді мемлекеттік тілде қарау ұлғаюда.

Судьялар осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті. Мемлекеттік тілді дамыту және қолдану, оның мәртебесін арттыру жөнінде бірлескен шешімдер қабылданып, меморандумдарға қол қойылды.