«Бас бостандығынан айырумен байланысты емес үкімдерді орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент гарнизоны әскери сотында «Бас бостандығынан айырумен байланысты емес үкімдерді орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Шымкент гарнизоны әскери сотының судьялары, аймақтық әскери прокуратураның прокурорлары, әскери тергеу басқармалардың және әскери полиция бөлімдерінің өкілдері, әскери бөлімдердің заңгерлері қатысты.

Судья Б.Каипов өз баяндамасында, 01.01.2015 жылы қабылданған жаңа Қылмыстық кодексіне сәйкес бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрлері ол: айыппұл, түзету жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту,  қамау және бас бостандығын шектеу екендігін атап айтты.

Айыппұл төлеу жазасын орындау сот орындаушыларға жүктелетін болса, басқа жаза түрлерін сотталушының тұрғылықты мекен жайы бойынша ҚАЖД мекемесінің пробация қызметіне жүктеледі.

Айыппұл бұл- Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, белгілі бір айлық есептік көрсеткіш немесе сомманың не параның еселенген   соммасын өндіру.

Түзету жұмыстары сотталушының негізгі жұмыс орны бойынша жұмысқа тарта отырып, оның жалақысынан  заңнамада белгіленген белгілі бір айлық есептік көрсеткішке сай сомманы мемлекет пайдасына өндіру арқылы жүргізіледі.

Қоғамдық жұмыстар - қоғамдық орындарда, жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылатын, сотталушылардан ешқандай біліктілікті қажет етпейтін, қоғамға пайдалы жұмыстарды тегін атқаруы. 

Бас бостандығын шектеу - бір жылдан жеті жылға дейінгі уақытқа пробациялық бақылау орнату болып табылады.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар аталған тақырып бойынша өзекті мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі