Архив событий

29/03/2016

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының нормалары түсіндірілді

29/03/2016

29 наурыз 2016 жылы Семей гарнизоны әскери сотының төрағасы А. Жунусбеков  сот қызметшілеріне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының нормаларын түсіндіру тақырыбында семинар дәрісін өткізді.

«Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережесі» тақырыбында семинар өткізілді

29/03/2016

Қостанай гарнизоны әскери сотында «Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережесі» тақырыбы бойынша әскери сотының төрағасы А.Исабеков осы ережелерінің мазмұнымен таныстырып, олардың негізгі ұғымы, жалпы талаптары, құжаттарды жүргізу, құрастыру, тіркеу, орындау және сол құжаттардың орындауы жөніндегі бақылау, тағы басқа ережелерді таныстырып, талқылау бойынша сот қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізді.

Рұқсатнамалық тәртіптеме ережелері зерделенді

29/03/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотының сот приставы Ф.Ганжиев Оңтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған күзет қызметі Басқармасының қызметшісі полиция сержанты Н.Абдумомынұлымен бірлесе отырып сот мамандарына рұқсатнамалық  тәртіптеме Ережелері бойынша семинар  сабағын өткізді.