Архив событий

05/03/2016

Алаяқтық туралы қылмыстық іс бойынша сот отырысы

05/03/2016

     Қостанай гарнизонының әскери сотында ҚК-нің 190 бабы 3 бөлігі 2 тармағымен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса) көзделген қылмысты жасаған үшін айыпталған Қостанай қаласы жөніндегі қорғаныс істер Басқармасының әскери қызметкері капитан К-ға қатысты қылмыстық іс бой

Сот залында қамауға алынды

05/03/2016

   Семей ганизонының әскери сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 бабы 3 бөлімі 1 тармағында көрсетілген қылмыстық іс жасағаны үшін сотталушы О-мен әскери қызметші А-ға қатысты үкім шығарылды.

   Азамат О. мен әскери қызметші А. қылмыстық жолға түсіп, меншікке қарсы қылмыстық құқықбұзушылық жасады, яғни мекемеден автокөлік құралымен дизельдік отынды шығаруды ұйымдастырып, жеке тұлғалар жүзеге асырылды. Содан кейін ағызу имитациясын жүзеге асыру үшін әскери бөлімге келген. Осылайша мекемеге ірі мөлшерде залал келтірілген.

Балағат сөздерді айтқаны үшін адам өлтiру

05/03/2016

   Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының өңдірісіне қасақана адам өлтiру (яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) фактісі бойынша айыпталған әскери қызметшіге қатысты іс қабылданды. Іс материалдарына сәйкес сотталушы өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне тиетін балағат сөздерді айтқаны үшін әскери қызметтесін аңшы мылтығын қолдану арқылы өлтірген. Қылмыстық кодекстің 99 бабының 1 тармағымен қарастырылған қылмыс бойынша оған 8 ден 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

8 наурыз Халықаралық Әйелдер Күніне арналған салтанатты жиын!

05/03/2016

   Бүгін Қазақстан Республикасы Әскери сотында 8 наурыз Халықаралық Әйелдер Күніне арналған салтанатты жиын өтті.

  Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасы Әскери соты ұжымымен қатар, Ақмола гарнизоны әскери сотының және мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі әскери сотының ұжымдары қатысты.

   Қазақстан Республикасы Әскери сотының төрағасы міндетін атқарушы Қаженов Әуезнур осы көктем мейрамымен әйелдерді шын жүректен құттықтай отырып оларға зор денсаулық, жұмыста табыс, жанұялық бақыт тіледі.