Архив событий

24/03/2016

Қазақстан Республикасының Әскери сотымен видеоконференция режимінде конкурсына қатысуға арыз жазған кандидатпен әңгімелесу өткізілді

24/03/2016

Қазақстан Республикасының Әскери сотымен әңгімелесуді  видеоконференцбайланыс арқылы өткізу мүмкіндігі кеңінен қолданылып келеді. Бұл республикамыздың басқа өңірлерінде тұратын тараптардың қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етудің бір түрі.

Дөңгелек үстел өтті

24/03/2016

Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы М.С.Алдабергенов, кеңсе меңгерушісі Ж.Қолғанат, Ақтау гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі Е.Нұрбергенов, Ақтау гарнизоны әскери полиция бөлімінің аға офицер өкілі әділет майоры К.Сайлаубайұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі  2018 әскери бөлімі мен Қазақстан Республикасы  Қорғаныс Министрлігінің 25744 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің қатысуларымен  «Гендерлік теңдік», «Мемлекеттік тілді дамыту» және «Сот ка

Өскемен гарнизоны әскери сотында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында семинар өтті

24/03/2016

24 наурыз 2016 жылы Өскемен гарнизоны әскери сотында сот төрағасы Д.Баймакуловпен қызметкерлер арасында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» бойынша семинар сабағы өткізілді.

Әскери қызметкерлермен кездесу өтті

24/03/2016

24 наурыз 2016 жылы Өскемен гарнизоны әскери сотының судьясы А.Даменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі «2034 әскери бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің әскери қызметкерлерімен кездесу өтіп, кездесу барысында  Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы 100 нақты қадам бағдарламасы талқыланды.

Заттай мүліктің соммасын өндірілді

24/03/2016

Ақмола гарнизоны әскери сотының Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 68665 әскери бөлімінің А.Амановқа берген талап арызы негізіндегі азаматтық іс бойынша алынған заттай мүліктің соммасын өндіру туралы шығарған сот шешімі заңды күшіне енді.

Әскери қызметші А.Аманов  келісім шарт бойынша өзіне жүктелген жауапкершілікті орындамағандықтан, келісімшарт бұзылып,  әскери қызмет мерзімінен бұрын босатылған.

Сол себептен, А.Амановтың теріс қылығы салдарынан, әскери қызмет өтеу келісімшарты бұзылғандықтан, қарыз соммасы қайтаруға жатады.

«Алқа билермен қылмыстық істерді қарау практикасы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

24/03/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы А. Каиров «2016 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған біліктілікті арттыруға бағытталған семинар сабақтары» жоспарының 2-ші тармағына сәйкес «Алқа билермен қылмыстық істерді қарау практикасы» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Талапкермен сотқа жүгіну мерзімі өтіп кеткен

24/03/2016

2016 жылы 24 наурызында Талдықорған гарнизонының әскери сотымен талапкер Г.Афанасьевтың жауапкерлер Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министірлігіне және «Талдықорған аудандық пайдалану бөлімі» РММ-не төленбеген ақшалай компенсацияның айырмашылығын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.