Жаңалықтар

Сот залынан: "Қорғас ісі" бойынша сот үкімі жарияланды.

12/04/2014

2014 жылғы 12 сәуірде Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында судья С.С. Сәкеновтің төрағалығымен «Қорғас ісі» бойынша экономикалық контрабанда фактілеріне байланысты қылмыстық іске қатысты сот үкімі жарияланды.

Сот үкімімен:

"Қорғас ісі" бойынша баспасөз хабарламасы

11/04/2014

                                                                                                                                                                                                                                                                                        

2014 жылғы 12 сәуірде Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты «Қорғас ісі» бойынша экономикалық контрабанда фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша үкімді жариялайтын болады.

Қазақстан Республикасы Әскери сотының баспасөз қызметі "Қорғас" ісі бойынша сот үкімінің жарияланатынын хабарлайды.

08/04/2014

       Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған әскери соты 2014 жылғы 12 сәуір сағат 10-00 Алматы қаласы, Красногорская көшесі 73 "А" ҚР ІІМ ҚАЖК-нің ЛА-155/18 мекемесінің ғимаратында "Қорғас" және "Қалжат" кедендік бекеттеріндегі экономикалық контрабанда бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша сот үкімін жариялайды.

       БАҚ өкілдерін тіркеу 2014 жылдың 09 сәүір сағат 18-00 ге дейін Алматы қаласы, Тимирязев көшесі 48, Қазақстан Республикасы Әскери сотының ғимаратында жүргізіледі.

 

Баспасөз орталығы

04/04/2014

Баспасөз қызметінің негізгі жұмыстары:

- Әскери соттарының қызметі туралы оң қоғамдық көзқарасты қалыптастыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуетін қолдану;
- сот тақырыбы бойынша баспасөз, радио және теледидар материалдарына күнделікті мониторинг жүргізу;

- жетекші ақпараттық агенттіктермен, республикалық және шетелдік газет пен журналдардың редакцияларымен, телерадиокомпаниялармен,интернет-ресурстармен байланыс орнату;

- БАҚ өкілдеріне Әскери соттарының қызметін түсіндіру бойынша қажетті мәліметті алуға көмектесу;

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз хабарламасы

20/02/2014

Өткізілетін уақыты: 17 қаңтар 2014 жылы, сағат 15.00.
Күн тәртібі:
2013 жылы Қазақстан Республикасы Әскери соты мен гарнизондардың әскери соттарында жүргізілген жалпы жұмыс барысының қорытынды есебі бойынша кеңейтілген пленарлық мәжіліс өтеді. 
Қатысушылар:
Қазақстан Республикасы Әскери сотының төрағасы С.Ж.Абдуллаев, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы М.С.Шегенов, Қазақстан Республикасы Әскери сотының судьялары және гарнизондарының әскери соттарының төрағалары мен судьялары.

Қазақстан Республикасы судьялар VI съезінің қарсаңында

18/11/2013

Ел басы Н. А. Назарбаев Қазақстан Республикасы судьяларының V съезінде сөйлеген сөзінде айтқандай, әділ және қиянатқа бармайтын сот - демократиялық және құқықтық мемлекеттің маңызды негізі. 

Ел басы сонымен қатар, сот тәртібімен қаралуға тиісті даулардың санын қысқартудың маңыздығы туралы, оларды баламалы тәсілдер арқылы шешуді, соның ішінде тараптарды бітімгершілікке келтіру процедуралары мен медиацияны еңгізу туралы атап айтқан.
2013 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінің өткізуі жоспарланған.

Қазақстан судьяларының VI Съезі

18/11/2013

Қазақстан судьяларының съезі – сот іс жүргізудің дамуының маңызды белесі болып табылады, өйткені талқылауға реформаның ең актуалды мәселелері мен Сот жүйесін жетілдіру, сондай-ақ Ел басы қойған басымдылы міндеттерді іске асыру сұрақтары қойылады.

Тәуелсіздік алғаннан бері, Сот-құқықтық реформасы шеңберінде заң қызметі жүйесінің үнемі жетілдіру жолында Сот жүйесінің жұмысы көп өзгерістерге ұшырады.

ШЕКАРА ЕРЕЖЕСІН БҰЗБАЙЫҚ!

24/10/2013

Ағымдағы жылдың маусым айында Ақтау гарнизоны әскери сотымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара Қызметі 2087 әскери бөлімінің «Оазис» шекара заставасына қарасты «Тәжен» техникалық бақылау бекетінің шекараны күзететін қатардағы екі жауынгерге қатысты сот үкімі шықты.

Беттер