Қазақстан Республикасы Әскери сотының баспасөз қызметі "Қорғас" ісі бойынша сот үкімінің жарияланатынын хабарлайды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

       Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған әскери соты 2014 жылғы 12 сәуір сағат 10-00 Алматы қаласы, Красногорская көшесі 73 "А" ҚР ІІМ ҚАЖК-нің ЛА-155/18 мекемесінің ғимаратында "Қорғас" және "Қалжат" кедендік бекеттеріндегі экономикалық контрабанда бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша сот үкімін жариялайды.

       БАҚ өкілдерін тіркеу 2014 жылдың 09 сәүір сағат 18-00 ге дейін Алматы қаласы, Тимирязев көшесі 48, Қазақстан Республикасы Әскери сотының ғимаратында жүргізіледі.

 

       Туындаған сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы Әскери сотының баспасөз қызметіне жүгінуге болады.

       телефондар: 8 (727) 275-08-95, 8 (727) 274-11-21.