"Қорғас ісі" бойынша баспасөз хабарламасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

                                                                                                                                                                                                                                                                                        

2014 жылғы 12 сәуірде Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты «Қорғас ісі» бойынша экономикалық контрабанда фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша үкімді жариялайтын болады.

Т.Н. Қайырбаев, Б.Ә.Отарбаев, Т.О. Жақаев, И.Б. Әбдірахманов, Б. Құрманәлиев, Қ.Ж. Артықбаев және тағы басқаларға қатысты қылмыстық іс сотқа 2013 жылғы 12 сәуірде келіп түсті.  

Т.Н. Қайырбаев – ҚК-нің 235-бабы 2-бөлігі, 209-бабы 3-бөлігінің «б» тармағы, 193-бабы 3-бөлігінің «в» тармағы, 24-бабының 3-бөлігі – 193-бабы 3-бөлігінің «в» тармағы, 24-бабының 1, 3 бөліктері – 312 бабының 5-бөлігі; Б.Ә. Отарбаев – ҚК-нің 235-бабының 2-бөлігі, 209-бабы 3-бөлігінің «б» тармағы, 193-бабы 3-бөлігінің «в» тармағы, 312-бабының 5-бөлігі, 24-бабы 1, 3 бөліктері – 312-бабының 5-бөлігі; Т.О. Жақаев, И.Б. Әбдірахманов,  Б. Құрманәлиев – ҚК-нің 235-бабының 4 бөлігі, 209-бабы 3-бөлігінің «б» тармағы, 380-бабының 2-бөлігі, 193-бабы 3-бөлігінің «в» тармағы; Қ.Ж. Артықбаев – ҚК-нің 235- бабының 4-бөлігі, 209-бабы 3-бөлігінің «а, б» тармақтары, 193-бабы 3-бөлігінің «в» тармағы, 312-бабының 5-бөлігі бойынша және тағы басқалар сотталды.

Іс материалдары бойынша сотталушылар 7 қылмыс эпизодын жасаған. Олардың ішінде ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастықтың Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы аса ірі мөлшерде экономикалық контрабанда жасауы, ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің  билік пен қызмет бабын теріс пайдалануы, қаржы полициясы және ішкі істер органдары қызметкерлерінің өміріне қастандық жасау және аса ірі мөлшерде пара беру, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану, ақша қаражатымен және көрінеу заңсыз жолмен алынған өзге де мүлікпен қаржы операцияларын және басқа да мәмілелерді жасау, алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының  бірнеше мәрте және ірі мөлшерде аталған қаражат пен өзге мүлікті кәсіпкерлік қызметті және өзге де экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануы.

Қылмыстық іс 1576 томнан және көптеген заттай дәлелдемеден тұрады. Олардың ішінде тек қана айыптау қорытындысы аудармасымен бірге 70 томды құрайды.

Қылмыстық іс бойынша алдын-ала тергеу барысында 500-ден астам түрлі сараптама жүргізілді, кеден мамандары тыйым салынған тауарлардың кедендік құны бойынша шамамен 400-ге жуық қорытынды берді. Іс материалдарына 398 компакт-диск қоса берілген, оларда арнайы жедел-іздестіру іс-шаралар мен жеке тергеу іс-әрекеттерінің 748 аудио- және бейнежазбасы бар.

Алдын ала тергеу органдары сотқа берілген 45 айыпталушының ішінен 42 адамға қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Айыпталушылар – Б.К.Айдаровқа, Д.А.Садыбековке, Т.А.Садыбековке қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру» түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Басты сот талқылауы 2013 жылғы 20 маусымда басталды.

Іс бойынша төрт мемлекеттік айыптаушы, 35 адвокат қатысты, олардың ішінен 9-ы ҚІЖК-нің 71-бабы тәртібінде сот қаулысының негізінде қатысты. Сот қаулыларымен сотталушылардың жақын туыстарының қатарынан 45 адам сотталушылардың қорғаушылары болып танылды.

13 сотталушы өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, айғақтарды қазақ тілінде берді. Іс қаралған кезде үш аудармашы қатысты. Сот талқылауының негізгі кезеңдері БАҚ-та уақтылы жарияланды.

162 сот отырысы өткізілді.

Сот 2014 жылғы 11 наурызда сот тергеуін аяқтады.

Наурыз айының ортасынан бастап сәуірдің басына дейін іс бойынша сот жарыссөздері өтіп, процеске қатысушылардың барлығы сөз сөйлеу мүмкіндігіне ие болды. Содан соң сот кеңесу бөлмесіне кетті.   

 

 Қазақстан Республикасы Әскери Сотының баспасөз қызметі