ҚР Әскери сотында Департамент басшысы А.Әлиев Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті өкілдерімен кездесу өткізді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

        ҚР Әскери сотында Департамент басшысы А.Әлиев Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті өкілдерімен кездесу өткізді.
       Оған, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі Әскери сотының департамент басшысы А.Қ.Әлиев, құжат айналымы, талдау және ұйымдастыру бөлімдерінің басшылары мен мамандары, гарнизондардағы соттар әкімшісінің басшылары мен мамандары, сондай-ақ Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Әскери басқармасының Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің бастығы А.Хасенов, сол бөлімнің прокурор М.К.Джаппарова мен еңбек инспекторы Ф.Мағау қатысты.
       Кездесу барысында "Төрелік" ақпараттық жүйесіндегі мәліметтердің толықтығын, дұрыстығын және уақтылы толтырылуын қамтамасыз ету мәселелері, сот актілерінің заңды күшіне енуі және орындалған сот актілері бойынша алмасу актілерін жасақтау сынды мәселелер талқыланды.
       Сонымен қатар, басшы апелляциялық алқаның және гарнизондардағы әскери соттардың статистикалық есептерін жүргізу бойынша, жауапты құрылымдық бөлім басшыларына аталған бағытта жұмыстың сапалы және уақытылы жүргізу мақсатында бірқатар тапсырмалар берді.
       Іс - шара соңында, қатысушылар аталған мәселелер бойынша және соңғы өзгерістер туралы өзара пікір алмасты.

       Қайнар: ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі.