ЖЖМ жымқарған 14 сотталушыға қатысты үкім өзгертілді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасымен 14 сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім сотталушы Б-ң жазасын өтеу бөлігі бойынша өзгертіліп, қалған бөлігінде өзгеріссіз қалдырылды.

Бірінші сатылы сот үкімімен 14 сотталушы кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілемей, әскери атақтар мен мемлекеттік марапаттарынан айырып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әрқайсысына 3 жыл 6 айдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, сотталғандардан мемлекетке келтірілген залал ортақ тәртіпте барлығы 48 287 301 теңге және Қазақстан Республикасының жәбірленушілердің өтемақы қорына 20 АЕК (МРП) мөлшерінде әрқайсынан, 55560 теңге мәжбүрлі төлем өндірілген.

Бірінші сатылы сотпен, 2019-2020 жылдар аралығында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен, жеке мүдделерін байыту мақсатында бірнеше рет, оларға сеніп тапсырылған әскери бөліміне тиесілі мүлікті ЖЖМ иемденіп, мемлекетке ірі көлемде залал келтіргені анықталған.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Қазақстан Республикасы Әскери сотының Баспасөз қызметі