Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

          Әскери сотта, Сот әкімшілігінің Әскери сот Департаменті басшысы А.Әлиев Астана қаласы бойынша Әділет Департаменті басшысының міндетін атқарушы Ж.Сююмбаеваның қатысуымен сот актілерін сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
          Кездесу барысында, сот актілерін орындау барысында туындайтын біршама проблемалық сұрақтар талқыланып, оларды мәжбүрлеп орындату бағытында тиімді шешімдерді қабылдауға, сондай-ақ, сот актілерінің орындалуы бойынша әр тоқсан сайынғы салыстыру жұмыстарын жүргізу келісілді.

 

 

Қайнар: 
Қазақстан Республикасы Әскери сотының Баспасөз қызметі