Ұлттық мереке - Республика күні аталып өтілді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлттық мереке - Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Әскери сотында салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға, Әскери соттың төрағасы Ж.Мұсабекұлы, сот алқаларының төрағалары, әскери соттың судьялары, гарнизондардағы әскери соттардың төрағалары мен судьялары, сондай-ақ, әскери сот Департаменті және әкімшіліктерінің басшылары мен  мамандары қатысты.

Құттықтау сөзін Қазақстан Республикасы Әскери сотының төрағасы Ж.Мұсабекұлы мен «Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Әскери соты департаменті» басшысы Азиз Әлиев айтты.

Мемлекеттік басшысының «Республика күні – халықтың болашаққа сенімін нығайтатын ерекше мейрам болуы керек» деген тезисін еске сала отырып, осы салада қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, сот билігінің беделін нығайту жолындағы адал еңбектері үшін алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ, Республика күніне орай, бірқатар судьялары мен мамандары сот жүйесінің дамуына қосқан үлестері үшін ведомстволық наградалармен марапатталды.

 

Қайнар; Әскери соттар Баспасөз қызметі