Сот әкімшілігінің Әскери сот Департаменті басшысы А.Әлиев Алматы гарнизоны әскери сотына жұмыс іс сапарымен барды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сапар барысында А.Әлиев Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы, сот мамандарымен,  әскери прокуратура өкілімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында спикер орындалған актілер, сот іс жүргізуінде қолданылатын ақпараттық технологиялар және БАҚ өкілдерімен тығыс жұмыс атқаруға қатысты біршама мәселелер талқыланды.
Сондай –ақ, соттың материалдық-техникалық базасымен танысты, судьялармен және сот мамандарымен кеңес өткізді, онда алдағы кезеңге жұмыстың басымды бағыттарын көрсетті.

 

 

Қайнар: 
Қазақстан Республикасы Әскери сотының Баспасөз қызметі