Әскери қызметші ерлі - зайыптылардың денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы гарнизоны әскери сотында  бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру бойынша айыпталған сотталушы Б-ға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. (ҚР ҚК-нің 107-бабының 2-бөлігінің 1,5-тармақтары,)

Сотпен анықталғаны:
Сотталушы Б. ағымдағы жылы 11 ақпанда сағат 02.00 шамасында «Ева» түнгі клубының жанында бұзақылық ниетпен жәбірленуші ерлі-зайыпты Ч.-ға қасақана орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтірген.

Дәлелдер бойынша:
Сотталушының кінәсі сотталғанның өзі мойындаған айғақтарымен, жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамаларымен дәлелденген.

Тараптардың позициясы:
- Прокурор сотталушы Б.-ға 1 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу түрінде жаза тағайындауды сұрады.  
- Сотталушы кінәсін мойындады.

Сот шешімі:  
Сотталушының қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар бойынша сот оның жасын, кінәсін мойындауын, соттылығының жоқтығын, татуласуға және зиянды өтеуге деген ұмтылысын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.
Сот ант берген адамның қылмыстық, құқық бұзушылық жасауын ауырлататын мән-жайлар ретінде таныды.
Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сотталған адамның жеке басын ескере отырып,  сотпен 1 725 000 (бір миллион жеті жүз жиырма бес мың) теңге сомасына 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Сонымен қатар, сотталушы Б.,-дан жәбірленушілер Ч.,және Ч., пайдасына жалпы 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде моральдық зиян өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: Әскери соттар Баспасөз қызметі