Ерлі - зайыптылардың денсаулығына қасақана зиян келтіру фактісі бойынша үкім қайта қаралды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiрген әскери қызметші Б.-ға қатысты үкім апелляциялық тәртіпте қайта қаралды. (ҚР ҚК-нің 107-бабының 2-бөлігінің 1,5-тармақтары)

Бірінші сатылы соттың үкімімен әскери қызметші Б., кінәлі деп танылып, сотпен 500 АЕК (1 725 000 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалған. Сонымен қатар, жәбірленушілер пайдасына жалпы 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде моральдық зиян өндірілген.
Сотталушының кінәсі сотталғанның өзі мойындаған айғақтарымен, жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамаларымен дәлелденген.

Сотпен анықталғаны;
Сотталушы Б. ағымдағы жылы 11 ақпанда сағат 02.00 шамасында «Ева» түнгі клубының жанында бұзақылық ниетпен жәбірленуші ерлі-зайыпты Ч.-ға қасақана орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтірген.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен үкімнің мемлекеттік баж салығын өндіру бөлігінде өзгертіліп, оның мөлшері 1 750 теңгеге дейін азайтылды.
Сонымен қатар, сотталушы Б.,-дан жәбірленушілер пайдасына 400 000 теңге көлемінде өкілдік ақы төлеу жөніндегі шығындар өндірілді.
Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Қазақстан Республикасы Әскери сотының Баспасөз қызметі