Бүгін ҚР Әскери сотында бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiрген әскери қызметші Б.-ға қатысты қылмыстық іс апелляциялық тәртіпте қаралуда. (ҚР ҚК-нің 107-бабының 2-бөлігінің 1,5-тармақтары)

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін ҚР Әскери сотында бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiрген әскери қызметші Б.-ға қатысты қылмыстық іс апелляциялық тәртіпте қаралуда. (ҚР ҚК-нің 107-бабының 2-бөлігінің 1,5-тармақтары)

Бірінші сатылы соттың үкімімен әскери қызметші Б.,кінәлі деп танылып, сотпен 500 АЕК (1 725 000 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалып, жәбірленушілердің пайдасына жалпы 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде моральдық зиян өндірілген.
 
Сотқа іс жәбірленушілердің (бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауын), мемлекеттік айыпталушының (бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындауын), сотталғанның қорғаушыларының (сотталғанды ақтауын) келтірген апелляциялық шағымдары негізінде қаралуда.
Сотталушы жасаған іс-әрекетіне өкінеді, кінәсін толығымен мойындайды, жауапкершілікке дайын және оған жаза тағайындау бөлігін соттың қарауына қалдырды.

Еске салайық, сотталушы Б. ағымдағы жылы 11 ақпанда сағат 02.00 шамасында «Ева» түнгі клубының жанында бұзақылық ниетпен жәбірленуші ерлі-зайыпты Ч.-ға қасақана орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтірген.

 

 

Қайнар: 
Қазақстан Республикасы Әскери сотының Баспасөз қызметі