Апелляцияның қаулысы бойынша Қ.Сұлтанбеков пен Гиль Смолински 3,8 млрд. теңге төлеуге тиіс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2018 жылдың 2 ақпанында Қазақстан Республикасы Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен К.Т.Сұлтанбековқа және т.б. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қ.Т.Сұлтанбеков және Гиль Смолинскиге қатысты 2017 жылғы 29 қарашадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының үкімі өзгертілді. 

Апелляциялық сатының қаулысына сәйкес осы қылмыс бойынша сотталғандардың екеуі мемлекет пайдасына 3,8 млрд. теңге төлейді. Соттың шешімі айыптаушы тарап-прокурордың да бірінші сатыдағы сот барысындағы Қ.Т. Сұлтанбеков пен Гиль Смолинскиге айыппұл жазасын тағайындау туралы позициясын ескере отырылып шығарылды.

Сот алқасының қаулысымен оларға  түпкілікті жаза ретінде: 

- сотталған Султанбековке 2 139 500 000 (екі миллиард жүз отыз тоғыз миллион бес жүз мың) теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Бұл жағдайда сот мыналарды ескерді: 

- 1,1 млрд. теңге мөлшерінде қылмыспен келтірілген зиян салдарын өтеу бойынша шаралар қабылдауы;

- оның 5 ай 6 күн қамауда және 5 ай 3 күн үй қамауында болуы;

- қылмыстық құқық бұзушылықтың ашылуына, оны тергеуге, тергеу кезінде белгісіз болған қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтер ұсынылуына, қылмыстық әрекеттің басқа қатысушыларын әшкерелеуге белсенді ықпал етуі,

-қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың болмауы;

- асырауында кәмелеттік жасқа толмаған үш балаларының болуы (2002, 2004 және 2008 ж.ж.);

- бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы;

-қызмет орны бойынша жағымды мінездемесі; алдыңғы мінез-құлқының есепке алынуы;

 -кінәсін мойындауы және істеген ісі үшін өкінуі.

Сотталған Гиль Смолинскиге 536 000 000 (бес жүз отыз алты миллион) теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Сотпен төмендегі жағдайлар есепке алынды:

- қылмыстық құқық бұзушылықтың ашылуына, оны тергеуге, тергеу кезінде белгісіз болған қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтер ұсынылуына, қылмыстық әрекеттің басқа қатысушыларын әшкерелеуге белсенді ықпал етуі,

-қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың болмауы;

- оның 7 ай 6 күн қамауда және 2 ай 7 күн үй қамауында болуы;

- қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың болмауы;

-екі жас балаларының болуы (2008 и 2012 г.р.);

- бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы;

- қызмет орны бойынша жағымды мінездемесі;

- кінәсін мойындауы және істеген ісі үшін өкінуі.

Сотталған Гиль Смолински Израиль азаматы болып табылады және айыппұл төлегеннен кейін Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге шығарылатындығын айта кеткен жөн. 

Сотталғандар Қ.Т.Сұлтанбеков пен Гиль Смолински қаулы күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде айыппұлды төлеуге міндетті. Оны орындамаған жағдайда заң айыппұлды бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыруды көздейді. 

Соттың үкімі басқа бөлігінде өзгеріссіз қалдырылды.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі