«Қамқорлық жасаймын» деп құрықталды атты мақала жарияланды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау гарнизоны әскери сотының бас  маманы  Қ.Елдашбаеваның  «Қамқорлық жасаймын» деп құрықталды  атты мақаласы жергілікті «Маңғыстау» газетінің бетіне жария етілді.

Мақалада мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігі, бірінші кезекте, негізгі буыны сот  төрелігінің мінсіз жүйесі болып табылатын құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету жүйесіне байланысты екендігі, пара алып үйренген мемлекеттік қызметкердің адал қызмет атқармайтындығы, мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінбейтіндігі айтылған.

Бұл тығырықтан шығу үшін әрбір саналы азаматтың әділдікті жақтап, қоғам өмірінде белсенділік танытуы арқылы, яғни құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуын, заң шеңберінде қорғалуын талап етуі нәтижесінде қол жеткізуге болатындығы айтылған.