Әділ соттың негізі –судьялық әдеп қағидаларын сақтау «Заңнама» газеті 17.04.2021

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әділ соттың негізі –судьялық әдеп қағидаларын сақтау

Қазақ халқы адам құқығын қорғау мәселесіне терең бойлап, оның мақасаттымен мәнісіне жете баға берген. «Би төртің құлы: адал еңбек, таза ниет, терең ой және әділдік»-деген тұжырым соның айғағы. Бұл ойдың түп тамырынан аққа жақ болуы тиісті судьяның түйсік - түсінігі қандай болуы керектігі аңғарылады.Жалпы, судьялар қызметтін өркениетті  елдерде қалыптасқан өлшемдер  негізінде таразыласақ,  сот төрелігінің әділдігімен жедел әрі толық орындалуы- кез келген елдің кемел болмысының көрінісі

Дана халқымда «Билік айту-оңай, білім айту қиын»-деген нақыл бекер айтылмаса керек. Би-халықтың ожданы. Демек, судьяның адамгершілік және моральдық әдебі бейнесінен мемлекет мәртебесі айқындалады.

Сондықтан, бүгінгі күні Судья әдебі кодекісінің сот төрелігін жүйзе асырудағы алатын орны маңызды. Қазіргі қолданыстағы судья әдебінің кодексі 2016 жылы қараша айының 21 күні қабылданған. Кодекс 15 баптан тұрады. Онда келесідей тараулар қарастырылған: «Судьялардың іс әрекетттерінің әдеп қағидалары», «Кәсіби міндеттерді орындау кезінде судьяның іс әрекеттерінің әдеп ережелері», Судьяның отбасындағы және тұрмыстағы іс әрекеттерінің әдеп ережелері». Кодексте орналған қағидалар және ережелер атақаратын қызметтерінен тәуелсіз барлық судьяларға, сонымен қатар отставкадағы судьяларға да міндетті.

Кодекс Қзақстан Республикасынң Конституциясына,» сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» Конституциялық заңға негізделген.

Онда « Адам құқытарының жалпыға ортақ декларациясы», Халқаралық «Азаматттық және саяси құқықтар туралы пакт», «Судьялардың іс әрекеттерінің  Бангалор қағидалары» және басқада халқаралық актілер ескерілді.

Кодекспен судьяның кәсіби қызметтегі, әкімшілік өкілекктіктерді жүзеге асыру кезіндегі,және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқына қойылатын талаптарға судьялардың жауапкерішілігі  арқылы ықпал ету шаралары көзделген.

Сонымен қатар, судьяның абырой-беделіне ерекше көңіл аударылып, оның сот төрелігінің жүзеге асыру кезінде заңды және ар-ожданың басшылыққа алып, шешім қабылдау қажеттілігі көрсетілген. Осы тұрғыда судья, өз қызметті арқылы азаматтардың бойында Қзақстан    Республмкасының Конституциясын, елміздің заңдарын құрметеу сезімін қалыптастырып,заңның үстемдік приципын орнықтыруы тиіс.Судья қандай жағдай болсын сот билігін тәуелсіздігі приципин сақтау және сот билігін беделін түсіретін, судьяның абырой беделіне нұқсан кеклтіретін және сот төрелігін жүзеге асыру барысында оның объективтілігімен бейтараптылығына күмән тұдыратын жағдайлардың бәрінен өзін аулық ұстау тиіс.Сыбайлыс жемқорлыққа тұрып, кімнің тарапынан орны алсада, оған кез келген жағдайда ымырасыз болуға міндетті.

Судья қызметтік міндеттен  тыс уақытта қызмет бабын өзінің жеке басын мүделері, отабасы мүшелерінің, ағайын түыспен жақындарың мүделері үшін пайдаланбау тиіс (Қауыпсіздік шараларын қамтамасыз ету, өмірмен денсаулықты , мүлікті қорғау мүделлерінен басқа).Отбасы мүшелеріне байланысты және судьялық міндеттерін орындауына кедергі келтірмейтін істерден өзге, басқа дамдардың істерімен өзгеде заңды мүделлері бойынша өкілетті өкіл ретінде  әркет жасауға құқылы емес.

                 

Шымкент гарнизоны әскери соттының судьясы Усманова Г.Т