Қазақстан Республикасы Әскери сотының тарихы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

ҚР Әскери сотының құрылу тарихы, тәуелсіз Қазақстанның әскери соттарының құрылу тарихы 1992 жылдан бастау алады, ол кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1992 жылғы 20 қаңтардағы Қаулысымен ҚазКСР аумағында жұмыс істеген әскери трибуналдар Қазақстан Республикасының юрисдикциясына берілген болатын. 

Әскери соттар жүйесі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әскери соттары мен әскери прокуратура органдары туралы» 1992 жылғы 11 маусымдағы №802 Қаулысымен және «Қазақ КСР сот құрылысы туралы «Қазақ КСР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1992 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен құрылды. Ол «әскери соттар» 4-тарауымен толықтырылды. Әскери соттардың құрылуының бастапқы нүктесі болып табылатын 1992 жылғы 24 маусымдағы осы Заңмен Қазақстан Республикасының аумағындағы әскерлердің Әскери сотының және гарнизондардың әскери соттарының міндеттері мен өкілеттіктері, оларды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және жасақтау, сондай-ақ материалдық-техникалық қамтамасыз ету айқындалды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1992 жылғы 17 сәуірдегі Қаулысымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Әскери алқасы құрылды, оның төрағасы болып С.Д.Тасмағамбетов тағайындалды және А.С.Краснопевцов басқарған Қазақстан Республикасының аумағындағы әскерлердің әскери соты (облыстық сот құқығында), Қазақстан Республикасы Әскерлері әскери соты төрағасының орынбасары лауазымында Т.А.Нақысбеков жұмыс істей бастады. Кейіннен сот Қазақстан Республикасы Әскерлерінің әскери соты болып қайта аталды.

1993-1994 жылдары облыс орталықтарында, ірі қалаларда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен гарнизондардың әскери соттары құрылды.

1994 жылдың 2001 жылға дейін Қазақстан Республикасы әскерлері Әскери сотының төрағасы болып А.А.Төлеуханов тағайындалды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әскерлерінің әскери сотын әділет генерал-майор С.Д.Тасмағамбетов басқарды.

2007 жылғы наурыздан бастап 2013 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Әскери сотын С.К.Байбатыров, 2013 жылғы 12 желтоқсаннан бастап 2018 жылғы желтоқсан аралығында С.Абдолла басқарды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, 2018 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Әскери сотын Ж.Мұсабекұлы басқарады.

Тәуелсіз Қазақстан әскерлерінің Әскери соты құрудың бастауында тұрған алғашқы судьялар Т.Ә.Нақысбеков, Е.Н.Әбдіқадыров, А.А.Құрмантаев, Е.Ж.Тасыров, Қ.Е.Саманбетов, Б.С.Қараманов, Б.Т.Ахмедиев, Ж.М.Алмағамбетов болды.

Алматы гарнизонының жаңадан құрылған әскери сотында жұмысын жалғастырған гарнизондардың әскери соттарының бірінші төрағалары арасында Р.М.Тойматов болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы ҚР Конституциялық Заңына өзгерістер енгізіліп, Қазақстан Республикасы әскерлерінің Әскери сотында қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі алқа жұмыс істей бастады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы №910 Конституциялық заң күші бар Жарлығымен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот құрылды, онда бекітілген штатқа сәйкес сот төрағасы және бір судья жұмыс істейді. Осы Жарлықпен осы соттың төрағасы болып С.С.Сәкенов, судья болып Е.У.Ахметжанов тағайындалды.

Әскери соттар басқа әскери құқық қорғау органдарымен бірге Қарулы Күштерде, әскери құралымдарда сот төрелігінің міндеттерін шешеді.

Бүгінде республиканың әскери соттарында 39 судья Қазақстан Республикасы сот жүйесінің игілігі үшін абыроймен жұмыс атқарып келеді. Көптеген судьялар сот жүйесінің еңбек сіңірген қызметкерлері болып табылады, үкіметтік наградалармен марапатталды.

Әскери материалдық-техникалық, қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі негізгі міндеттерді орындау үшін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы №165 Жарлығымен  «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің әскери сот әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды.

Айта кету керек, 1998 жылдан бастап әскери соттар қараған істер саны артты. Көптеген әскери қызметкерлер мен азаматтар өздерінің бұзылған құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін әскери соттарға жүгіне бастады.

Бұл әскери соттар судьяларының заң үстемдігі, гарнизондарда өткізілетін  ашық есік күндері, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының сайтында әскери соттардың сот актілерінің қолжетімділігі туралы түсіндіру жұмыстарының нәтижелері.

Әскери соттардың судьялары өз жұмысында судья әдебі нармаларының сақталуына, судьяның кәсіби борышына, сот процестерінің тәрбиелік әсеріне, шығарылатын сот үкімдері мен шешімдерінің сапасына назар аударады. Мұның бәрі Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты сот арқылы қорғауды қамтамасыз етуге, адамдар мен қоғамның шынайы және әділ сот төрелігіне деген сенімін нығайтуға бағытталған.   

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 15 қазандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы гарнизондарының кейбір әскери соттар таратылды. Осылайша таратылғандар: Маңғыстау облысы Ақтау гарнизонының әскери соты; Қарағанды облысы Қарағанды гарнизонының әскери соты; Қостанай облысы Қостанай гарнизонының әскери соты; Алматы облысы Талдықорған гарнизонының әскери соты; Шығыс Қазақстан облысы Өскемен гарнизонының әскери соты таратылды. Жарлық заңды күшіне енді. Әскери сотта істің соттылығы бойынша: - Маңғыстау облысы Ақтау гарнизонының әскери соты Ақтөбе гарнизонының әскери сотына жатады; - Қарағанды облысы Қарағанды гарнизонының әскери соты және Қостанай облысы Қостанай гарнизонының әскери соты Ақмола гарниознының әскери сотына жатады; - Алматы облысы Талдықорған гарнизонының әскери соты Алматы гарнизонының әскери сотына жатады; - Шығыс-Қазақстан облысы Өскемен гарнизонының әскери соты Семей гарнизонының әскери сотына жатады.

 

Қазақстан Республикасы Әскери соты ардагерлері судьяларының тізімі

 

АЖТ

Соңғы лауазымы

Туған күні

  1.  

Каженов Ауезнур Бейсенович

ҚР Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы

26.10.1953 г.

 

  1.  

Байжанов Кипшак Сейдагулович

Қарағанды гарнизоны әскери сотының төрағасы

27.12.1953

  1. .

Исабеков Айдар Уразанович

Қарағанды гарнизоны әскери сотының төрағасы

01.01.1961

  1.  

Исабекова Бану Алимбатыровна

Алматы гарнизоны әскери сотының судьясы

08.05.1959

  1.  

Сихимбаев Кыдырхан Абилмажинулы

Қазақстан Республикасы Әскери сотының судьясы

16.04.1955

  1.  

Рычков

Владимир

Васильевич

Қазақстан Республикасы Әскери сотының судьясы

25.06.1955