Сұрақ-жауап

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тыйым салуға не жатпайды және мүлікке тыйым салу туралы сот шешімін қалай даулауға болады

Кодекстің 161-бабына сәйкес азаматтық талапкер немесе прокурор ұсынған азаматтық талапты қамтамасыз етуге тыйым салынған мүлiктiң құны талаптың құнынан аспауға тиiс.

Тыйым салу бірінші қажеттілік заттары болып табылатын мүлікке (Кодекстің 164-бабына сәйкес), сондай-ақ  тізімі заңнамамен анықталатын өзге де заттарға салынуы мүмкін.

Егер ол күдіктінің, айыптының қылмыстық әрекеттері нәтижесінде алынды деп болжанса немесе қылмыс қаруы ретінде немесе экстремизм, терроризм, ұйымдасқан топ, заңсыз әскери құрылымдар, қылмыстық қауымдастықты қаржыландыру үшін пайдаланылған немесе пайдалануға арналған деп болжау үшін жеткілікті негіздер болса, басқа адамдарда болатын мүлікке тыйым салынуы мүмкін.

Тәркілеуге және сот үкімі бойынша тыйым салуға жатпайтын мүлік

Тәркілеуге сотталушының және оның отбасына (оның асырауында болатын адамдар) қажетті және оған меншік құқығында тиісті немесе ортақ меншіктегі оны үлестері болып табылатын заттар мен мүліктердің түрлері жатпайды:

·        Егер сотталған және оның отбасы онда тұрақты тұратын болса, тұрғын үй, пәтер немесе оның жекелеген бөліктері.

·        Тәркілеуге жатпайтын үй және шаруашылық құрылыстары орналасқан жер учаскелері, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылығын жүргізуге қажетті жер учаскелері.

·        Негізгі шаруашылығы ауыл шаруашылығы болып табылатын тұлғаларда, - оның отбасының қажеттіліктерін қанағаттандыру, сондай-ақ мал жемі үшін қажетті сандағы шаруашылық құрылыстары және үй жануарлары.

·        Ауыл шаруашылық дақылдарын кезекті егуге қажетті тұқымдар.

·        Үй жағдайындағы заттар, керек-жарақтар, киімдер:

·        киім, аяқ киім, төсек-орын, төсек жабдықтары, пайдалануда болатын ас үй және асхана керек-жарақтары. Ішік және басқа да құнды киімдер, ас үй сервиздері, бағалы металдардан жасалған заттар, сондай-ақ көркем құндылығы бар заттар тәркіленуі мүмкін; 

·        сотталған және оның отбасының мүшелері үшін қажетті ең аз жиһаз;

·        барлық балалар заттары.

·        Егер негізгі жұмысы ауыл шаруашылығы болып табылса, келесі егінге дейін сотталғанға және оның отбасына қажетті сандағы тағам өнімдері, ал қалған жағдайларда – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшердегі жалпы сомаға ақша және тамақ өнімдері.

·        Тамақ дайындауға және отбасының тұрғын жайын жылытуға арналған отын.

·        Сотталушы сот үкімімен тиісті қызметпен айналысу құқығынан айрылғанда немесе инвентарьды ол қылмыс жасау үшін қолданған жағдайларды қоспағанда, сотталғанның кәсіби айналысуына жалғастыруға қажетті инвентарь (соның ішінде оқу құралдары және кітаптар).

·        Мүгедектердің қозғалуына арналған арнайы көлік құралдары.

·        Сотталған марапатталған халықаралық, мемлекеттік және өзге де сыйлықтар.

Мүлікке тыйымды қалай алуға болады

Әрине, тыйым салудың ең бірінші және басты аспектісі ол тыйым салынған жағдайды тоқтату болып табылады.

Егер азаматтық іс бойынша тыйым салынса, онда Кодекстің 163-бабына сәйкес тыйым салу талапты қанағаттандыру туралы сот шешімін орындағанда немесе талаптан бас тарту заңды шешімге енгенде аяқталады.

Мүлікке тыйым салуда тыйым салу туралы істі қарастырған сот қана тараптардың өтініші бойынша немесе өзінің қалауы бойынша жоя алады. Бұл жерде өтінішпен  процеске қатысы жоқ бөгде адамдар да жүгіне алатынын ескерген жөн.

Тыйым салужы алу үшін  аталмыш істі қарастырған судьяның атына жазбаша өтінішпен жүгіну қажет. Өтінішке сот шешімінің орындалғандығының дәлелін қоса тіркеу керек. Бұл орындаумен байланысты атқару өндірісінің тоқтатылуы туралы сот орындаушысының анықтамасы болуы мүмкін.

Сот тыйымды алу туралы анықтама шығарады немесе бас тартуы мүмкін, бірақ шығарылған күннен бастап аппеляциялық инстанцияда шешімді 10 күнтізбелік күн ішінде талап ете аласыз. Егер сот мүліктен тыйым салуды алу туралы шешім қабылдаса, онда анықтаманың негізінде атқару парағы құрастырылатын болады және оны сот орындаушысына жібереді. Тыйым салу сот шешімі заңды күшіне  енуіне қарай алынатын болады. 

Егер тыйымды сот орындаушысы салса, онда тыйым салу сот орындаушысы ауыртпалық тіркелген мемлекеттік органға (әділет органдары немесе жол полициясы) тыйым салудан алу туралы  қаулыны  жібергенге дейін әрекет ететін болады.  Сот орындаушысы сіздің мүлкіңізге тыйым сала алатын екі себеп бар:

1) егер сот мүлікке тыйым салса;

2) борышкерге мүлік немесе ақшаны төлету бойынша шешімді орындау барысында.

Бұндай жағдайда тыйым салуды алу үшін бірінші кезекте қарызды өтеуге және бұл туралы тыйым салған сот орындаушысын хабардар ету қажет (қарыздар үшін шекарадан шығармаса не істеу керек). Сот орындаушысы қаулыны мемлекеттік органға жібергеннен кейін және ауыртпалық тоқтатылған соң тыйым салу алынады.

Егер тыйым салу қылмыстық іс бойынша өндіріс барысында салынса, онда тергеуші прокурор немесе соттың санкциясымен тыйым салу алдын ала тергеуден кейін егер іс тоқтатылса алынады. Егер іс сотқа берілсе, онда сотта айыптау немесе ақтау үкімі жағдайында тыйым салу туралы мәселе шешілетін болады.

Назар аударыңыз, тыйым салу үшін барлық қажетті рәсімдерді орындағаннан кейін: қарызды төлеп, сот ұйғарымын орындағаннан кейін сотқа немесе мемлекеттік органға (жағдай бойынша) мүлікке тыйым салуды алу туралы өтінішпен міндетті түрде жүгініңіз. Көбінесе ұзаққа созылған процестер барысында немесе тараптардың сотқа қызығушылығының болмауынан немесе немқұрайлық салдарынан мүлікке тыйым салу оны алып тастау себептерінің жойылуына қарамастан, қалуы мүмкін