Сот жүйесі

Сот төрағасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кәрім Берік Сейтжанұлы 17.03.1976 жылы ОҚО Шымкент қаласында дүниеге келген.

1993 жылы Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Жоғарғы мектебіне түсіп, 1997 жылы заңгер  мамандығын бітіріп шыққан.

1997 жылдың наурыз айында Мемлекеттік тергеу комитетінің ОҚО бойынша басқармасына жедел уәкілі болып тағайындалды.

1997 жылдың қараша айында Шымкент қалалық ІІБ Еңбекші аудандық полиция бөлімінің экономика саласы қызметі жедел іздестіру бөлімшесіне жедел уәкілі;

2000 жылдың қыркүйек айы мен 2001 жылдың мамыр айы аралығында Шымкент ҚІІБ 1 полиция бөлімінде тергеуші;

2001 жылдың мамыр айы мен 2003 жылдың наурыз айы аралығында Шымкент ҚІІБ 2 ПБ тергеуші;

2006 жылдың қаңтар айы мен 2007 жылдың қыркүйек айы аралығында «Глобус плюс» ЖШС заңгері;

2007 жылдын   қазан   айы мен  2013 жылдың  қыркүйек айы  аралығында Шымкент каласы Еңбекші аудандық сотының судьясы;  

2013 жылдың  қыркүйек айынан 2018 жылдың  қазан айына дейін  ОҚО Төлеби аудандық сотының төрағасы;

09.10.2018 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Шымкент гарнизоны әскери сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.

Соттың тарихы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент Гарнизонының Әскери сотының тарихы

Шымкент Гарнизоны Әскери трибуналы 1971 жылдың қараша айында КСРО Қорғаныс Министірлігі  Дерективасы және Әскери трибуналдар басқарамасы «Краснознамен» орта-азиялық әскери округінің  негізінде құрылып және Шымкент қаласы, Григоренко көшесі №14 үй,  Оңтүстік Қазақстан облыстық әскери комиссариат ғимаратының 3-ші қабатында  орналасты.  

Әскери трибуналдың бірінші төрағасы болып 1972 жылы әділет подполковнигі И.В.Поздняков тағайындалған, ал  әскери трибуналдың мүшесі әділет майоры  Дарчук Александр Давыдович болған.

1973 жылдың 18 шілдесінде   Әскери трибуналдар басқармасы «Краснознамен» орта-азиялық әскери округінің  №32 бұйрығының негізінде Шымкент гарнизоны әскери трибуналының мүшесі болып әділет аға  лейтенанты Гарбатюк Владимир Васильевич тағайындалған.

1976 жылдың 23 наурызында   Әскери трибуналдар басқармасы «Краснознамен» орта-азиялық әскери округінің  №12  бұйрығына сәйкес Чимкент гарнизоны әскери трибуналының төрағасы болып әділет капитаны Кутаков Николай Михаилович тағайындалып, әскери трибуналдың мүшесі әділет аға лейтенант Бич Николай Владимирович болған.

1982 жылдың наурыз айында Әскери трибуналдар басқармасы «Краснознамен» орта-азиялық әскери округі  бастығының бұйрығымен Әскери трибуналдың төрағасы болып әділет подполковнигі Я.В.Романдюк тағайындалды.

1984-1985 жылдары Шымкент гарнизоны әскери трибуналының төрағасы Борзов Валерий Иванович болған.

Содан 1985 жылдың тамыз айында Әскери трибуналдар басқармасы «Краснознамен» орта-азиялық әскери округі  бастығының бұйрығымен Шымкент гарнизоны әскери трибуналының төрағасы болып әділет подполковнигі  Беляев Витус Алексеевич тағайындалды.

Кейін 1989 жылдың сәуір айында Шымкент гарнизоны әскери трибуналының төрағалығына әділет майоры Братан Владимир Иванович тағайындалған, ал әскери трибуналдың мүшесі әділет аға лейтенанты Аулов Владимир Константинович болған.

Қызыл-Орда қалалық әскери комиссариатының 1993 жылдың 8 шілдесіндегі №86 бұйрығынан соң  және Шымкент гарнизоны әскери сотының 1993 жылдың 12 шілдесіндегі №39 бұйрығымен әділет аға лейтенанты Усербаев Мәдіхан Досанович судья болып тағайындалды.   

1992 жылдың 18 қыркүйегінде  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының   №1622-ХІІ және 15 шілде 1992 жылғы  №1587-ХІІ қаулыларына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министірлігі дерективасының 24 желтоқсан 1992 жылғы №6730/МО «Қазақстан Республикасы әскери соттарын  ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу туралы» қаулысына сәйкес Шымкент Гарнизоны  Әскери трибуналы, Шымкент гарнизоны әскери соты болып қайта құрылды.

1) 29 қазан 1994 жылы №131 бұйрығына сәйкес Шымкент Гарнизоны Әскери сотының төрағасы лауазымына әділет майоры Наурызов Мәлік Жұмабайұлы тағайындалды.

2) Шымкент гарнизоны әскери сотының мүшесі болып әділет майоры Ж.А.Сейтжаппаров тағайындалды.

3)  1996 жылы қараша айында  Шымкент гарнизоны Әскери сотының төрағасы болып әділет подполковнигі С.А.Дзюлиев тағайындалды.

4) 2000 жылдың наурыз айында Шымкент гарнизоны әскери сотына әділет капитаны А.Б.Тоқсанбаев судья болып тағайындалды.

5)  2002 жылдың қыркүйек айында Шымкент гарнизоны әскери сотының төрағасы болып әділет полковнигі  Б.Б.Қайыпов тағайындалды.

6)  2003 жылы шілде айында Шымкент гарнизоны әскери сотының судьясы болып әділет аға лейтенанты С.Л.Тоқбергенов тағайындалды.

7) 2006 жылдың сәуір айында Шымкент гарнизоны әскери сотына Г.Т.Усманова судья болып тағайындалды.

8) 2007 жылдың қаңтар айында Шымкент гарнизонының әскери сотына Ж.С.Туленова судья болып тағайындалды.

9) 2008 жылдың шілде айында Шымкент гарнизоны әскери сотының төрағасы болып  Қайыров Асқар Макенұлы тағайындалды.

10) 2013  жылдың шілде айында Шымкент гарнизоны әскери сотының төрағасы болып  Мыңбатыров Ғалым Қанбатырұлы тағайындалды.

ҚР Президентінің 09.10.2018 ж. Жарлығы негізінде Кәрім Берік Сейтжанұлы  Шымкент гарнизоны әскери сотының төрағасы болып тағайындалды.

Қәзіргі таңда Шымкент Гарнизонының  Әскери сотында төраға және үш судья қызмет атқарады. Аумақтық орналасуы бойынша әскери сот үш облыста қызмет атқарады.   (Оңтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы)

Шымкент Гарнизонының Әскери сотының аумағы  «Оңтүстік» өңірлік басқармасын, «Юг» өңірлік қолбасшылығын және олардың әскери бөлімдері мен құрылымдарын қамтиды.

Шымкент гарнизонының әскери соты  қылмыстық және азаматтық  санаттары бойынша істерді қарайды.

2011 жылдың қортындысы бойынша Шымкент Гарнизонының Әскери Соты Қазақстан Республикасы Әскери соттарының арасында сот әділдігін жүзеге асырғаны үшін 1-орынды иеленіп, мақтау қағазымен марапатталған.