Сот қарызды төлеуге міндеттеді...

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен талапкер 55078 әскери бөлім мемлекетік мекемесі жауапкер Н.С.Сулейменовтан 57 435 теңге мөлшерінде еңбек демалысына қолданған сауықтыруға төленген жәрдемақыны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот барысында анықталғаны, 2016 жылдың ақпан айының 11 жұлдызында әскери бөлім командирінің бұйрығына сәйкес Н.С.Сулейменовқа биылғы жылға еңбек демалысымен бірге 83282 теңге мөлшерінде сауықтыруға төленген жәрдемақы төленген, алайда әскери қызметтен босатылуына байланысты биылғы жылдың үлгермеген уақыты үшін сауықтыруға төленген жәрдемақысы 55521 теңгені құрайды.

Н.С.Сулейменов себепсіз қызметте қатарынан үш сағат және одан да көп болмағаны үшін, әскери қызметтен мерзімінен бұрын босатылған, сонымен қоса қайтаруға жататын төленген қарыздар лаждықтан бос жүрген күндеріне еңбек ақы, коммуналдық қызмет көрсеткен үшін және сауықтыруға төленген жәрдемақы мемлекетке қайтарылуы тиіс.

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен талап арыз толығымен қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі