Әскери қызметкерлерге «Сот кабинеті» сервисі мен сот жүйесіндегі басқа да жаңа технологияларды қолдану туралы семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Сот кабинеті» сервисінің және басқа жаңа технологияларды қолдануды түсіндіру мақсатында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Қарулы Күштерінің 21140-Б әскери бөлімінің әскери қызметкерлеріне семинар сабағы өткізілді.

 Семинар сабағы барысында сот мамандары азаматтарға сот органдарының электрондық сервистеріне бір терезеден қол жеткізуін қамтамасыз ететін «Сот кабинеті» туралы түсіндірді. Бұл игіліктерді қолдану тәртібін қадамдарға бөле отырып ұғындырды. Тыңдаушыларға сотқа электронды түрде талап-арыз, шағым, хат жолдау, істерді іздеу, сот отырыстарының кестесін қарау, сотқа шақыру қағазын шығарып алу секілді операцияларды орындау тәртібі түсіндірілді. Бұдан басқа аудио бейне жазба құрылғылары арқылы сот отырыстарын жазып алу, сот құжаттарымен танысу және 1401 нөмірлі сот органдарының CALL орталығы туралы ақпараттар берілді.

Әскери бөлімнің қызметкерлері жұмыс арасындағы уақыт тапшылығына байланысты жаңа технологияларды қолдану өте тиімді екенін айтып, пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік алғандары үшін алғыстарын білдірді.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі