Қызмет бабын пайдаланғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент гарнизоны әскери сотымен  Қазақстан Республикасы ҚК-нің 451-бабының 1-бөлігімен және   450-бабының 1-бөлігімен айыпталған  65..... әскери бөлімінің «Ақтас» оқу орталығының  аға маманы ‑ атыс алаңының бастығы «Б» -ға қатысты қылмыстық іс қаралды (бастық бола тұра, өзінің құқықтары және қызметтік өкілеттіктерінің шегінен анық шығатын әрекеттер жасау және өз билігі мен қызмет бабын өзі үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында қызмет мүдделеріне қайшы теріс пайдалану).

Сотта анықталғандай, сотталушы «Б», 2019 жылдың қазан айында  жәбірленуші «Р»-ды бақылап-өткізу пунктіне аспазшының  жүргізушісінің есімін біліп келуге жұмсап, алайда оның бұйрығын дұрыс орындамағанына ашуланып ішінен аяқпен теуіп, әскери киімнің жағасынан ұстап, еденге қолмен тіреп жатуға пәрмен беріп, аяғымен бірнеше рет басынан тепкен.Одан әрі жәбірленуші «Р» қойылған талаптарды дұрыс орындамағаны үшін, қолымен және темір трубамен бетінен ұрған.

Өз іс әрекетімен, сотталушы «Б», жәбірленуші «Е»-нің  оқу орталығында салынып жатқан моншада қойылған бұйрықтарды дұрыс орындамағаны үшін, қабырғаға соғып, екі қолының кеуде жұдырығымен, алақанымен «Е»-нің бетінен, арқасынан, басынан бірнеше рет ұрған. Одан бөлек, жәбірленуші «Е»-ні казармадағы еденді дұрыс тазаламағаны үшін өз өкілеттігі шегінен шығып ұрған.

2019 жылдың тамыз айында  сотталушы «Б» жәбірленушілер  «А.Б», «Н.Т», «А.Р» және «М.Б»-ға қалалық сейілдеме рәсімдеп, бірнеше рет өз үйіне алып барып, әртүрлі құрылыс жұмыстарын жасатқан.

Шымкент гарнизоны әскери сотының қаулысымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 451-бабының 1-бөлігімен айыпталған «Б»-ке қатысты қылмыстық ісі жәбірленушілермен татуласуына байланысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің негізінде өндірістен тоқтатылып, қылмыстық жауаптылықтан босатылған.

Ал, ҚК-нің 450-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу  жазасы тағайындалды.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 49-бабының негізінде сотталған «Б»  «старшина» әскери атағынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Источник: 
Шымкент гарнизоны әскери сотының баспасөз қызметі