Арыс қаласындағы жарылыстар туралы іс бойынша азаматтық талап арыздарға қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылдың 26 шілдесінде сот үкімімен 16 тұлғаға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Іс бойынша 1 473 тұлға жәбірленуші ретінде танылды.

Сот жарыссөзінде прокурорлар талаптарды растайтын құжаттардың болмауына, дұрыс ресімделмеуіне, жергілікті атқарушы органмен және жөндеуді жүзеге асырған ұйымдармен даулардың болуына байланысты, талап-арыздарды қараусыз қалдыруды сұрады.

Сондықтан, азаматтық талаптар бойынша жоғарыда аталған бұзушылықтарды жоймай, түпкілікті шешім қабылдау мүмкін емес, осыған байланысты жәбірленушілердің берген талап арыздары қараусыз қалдырылған.

Қылмыстық сот ісін жүргізудің негізгі міндеті нақты қылмыстық істерді жедел қарау болып табылады. Талап қоюды қараусыз қалдыру азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен дербес талап қоюға кедергі болмайды.

Источник: 
Шымкент гарнизоны әскери сотының баспасөз қызметі