Сот төрағасы
Кәрім Берік Сейтжанұлы 17.03.1976 жылы ОҚО Шымкент қаласында дүниеге келген.
1993 жылы Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Жоғарғы мектебіне түсіп, 1997 жылы заңгер мамандығын бітіріп шыққан.
1997 жылдың наурыз айында Мемлекеттік тергеу комитетінің ОҚО бойынша басқармасына жедел уәкілі болып тағайындалды.
1997 жылдың қараша айында Шымкент қалалық ІІБ Еңбекші аудандық полиция бөлімінің экономика саласы қызметі жедел іздестіру бөлімшесіне жедел уәкілі;
2000 жылдың қыркүйек айы мен 2001 жылдың мамыр айы аралығында Шымкент ҚІІБ 1 полиция бөлімінде тергеуші;
2001 жылдың мамыр айы мен 2003 жылдың наурыз айы аралығында Шымкент ҚІІБ 2 ПБ тергеуші;
2006 жылдың қаңтар айы мен 2007 жылдың қыркүйек айы аралығында «Глобус плюс» ЖШС заңгері;
2007 жылдын қазан айы мен 2013 жылдың қыркүйек айы аралығында Шымкент каласы Еңбекші аудандық сотының судьясы;
2013 жылдың қыркүйек айынан 2018 жылдың қазан айына дейін ОҚО Төлеби аудандық сотының төрағасы;
09.10.2018 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Шымкент гарнизоны әскери сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.