«Гауптвахтаның жағдайымен танысу»
23/02/2017
Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы Ж.Жайлаубай Алматы Өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында сот төрағасы гауптвахтаның жағдайымен танысты. Сондай-ақ, ол Алматы гарнизоны әскери сотында әскери прокуратураның, Алматы гарнизоны бойынша ҰҚК басқармасының әскери полиция және Алматы өңірлік гарнизонының қызметкерлерімен 2017 жылдың 1 қантарынан бастап соттармен әскери қызметкерлерге қамау түріндегі жаза қолдану және жазасын гауптвахтада өтеу мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткенін айтты.
Источник:
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі