Әскери қызметші қызметтесін жаралады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай гарнизонының әскери сотымен ҚР ҚК-нің 462 бабының 1 бөлігімен (қару-жарақты ұстау ережелерін бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына орташа ауырлықтағы залал келтірсе) көзделген қылмысты жасаған үшін айыпталған 6637 әскери бөлімнің келісім-шарт бойынша әскери қызметшісі сержант «З» қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталған, 2017 жылғы 19 мамырда, 20 сағат 20 минут маңында, 6637 әскери бөлімінің әскери атыс алаңынның аумағында сотталушы АК-74 автоматтан қасақана емес ату жасап, нәтижесінде қатардағы жауынгер «О» абайсызда денсаулығына орташа ауырлықтағы залал келтірген үшін кінәлі болып танылды.

Сот отырысы жүргізіліп жатқан кезінде, сотталушы айып тағылған қылмысты жасағанын толық мойындады.

Әскери соттың үкімімен Закерьяновқа 2 жыл мерзімге бас бостандықтан шектеу  жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Әскери Соттың Баспасөз қызметі