Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы Д.Баймакулов  республикалық және аймақтық БАҚ басшылары мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.

Даниал Вахитович БАҚ өкілдеріне олардың белсенді қызметі үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта сот билігі органдарымен бұқаралық ақпарат құралдары сот билігінің беделін көтеруге бағытталған тығыз қарым-қатынасты жалғастыратынына сенімділігін білдірді.

Сот төрағасы бұқаралық ақпарат құралдары демократиялық және құқықтық мемлекетті нығайтуда маңызы өте зор  рөл атқарып келетінін айтып өтті. Журналисттер объективті болуы керек, сонымен қатар кәсіби мүмкіншіліктермен қоса, жоғары моралдық қасиеттерге  де болуы қажет.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдеріне сот қызметін атқаруға байланысты өзекті мәселелерді, азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған құқықтық реформалар туралы  сапалы материалдар дайындап және олардың баспаға жедел жариялануына, сот билігі органдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, белсенді жұмыс атқарғандары  үшін ерекше алғысын білдірді.

Іс-шараның соңында сот төрағасы  кездесуге қатысушыларға сот жүйесінің қызметін ақпараттық жариялаудағы белсенді жұмысы үшін алғыс білдіріп, оларға «Алғыс хат» тапсырды.

 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі