Сс, 04/07/2023 - 15:54


Сот қаңтар оқиғасына қатысты үкім шығарды
Алматы гарнизонының әскери сотында қару қолдану арқылы билікті және қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану бойынша (ҚК 451-бабының 2-бөлігімен 1-тармағымен) айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық қаралды.
Сотпен не анықталды:
2022 жылғы 06 қаңтарда сотталушы М. Алматы қаласында төтенше жағдай кезінде, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тартылған 18404 әскери бөлімі бөлімшесінің құрамында бола отырып, "Республика" қалалық алаңының жанында, билік өкілі бола отырып, билік өкілеттігін айқын асыра отырып, қандай да бір қатер мен қару қолдануға негіз болмауына қармастан бағдаршамның алдындағы қиылыста тұрған "Lexus 570" маркалы бейбіт азаматтық автокөлік бойынша автоматтан бірнеше оқ атылып, нәтижесінде аталған автокөліктің жүргізушісі қаза тапқан.
Тараптардың позициясы:
Прокурор – сотталушыға түпкілікті 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сотталушы кінәсін мойындамаған.
Сот шешімі:
Сотталғанның жасаған әрекеттері ауыр қылмыстар санатына жатады және оны жасағаны үшін 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаза тағайындау кезінде сот сотталушының жас балаларының барын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.
Сот ант берген адамның қылмыстық, құқық бұзушылық жасауын ауырлататын мән-жайлар ретінде таныды.
Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сотталушыға 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар:
Әскери соттың баспасөз қызметі.