Жемқорлық қылмыстық әрекеттерді жасырушы ретінде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың судьясы Б. Дәрібаев әскери бөлім командирлерімен, сондай-ақ ҚР ҰҚК Шеқара қызметі орталық аппаратының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Судья Б. Дәрібаев қазір елемізде жемқорлық секілді қоғамдық кеселмен күрес бағытында үлкен жұмыстың атқарылып отырғанын айтты. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданды, алдыңғы нормативтік актіге қарағанда заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреспен бірге, қарсы іс-қимылдар бөлігі ұлғайтылған, атап айтқанда лауазымды тұлғалардың жемқорлық құқық бұзушылықтарға келтіруі мүмкін қайсыбір әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін болдырмауды көздейді. Осындай шаралардың мысалы ретінде «Сот кабинеті» электронды сервисінің ендірілуін айтуға болады, осы сервис арқылы азаматтар және мемлекеттік органдардың өкілдері соттарға шағымдарын, талаптарын, өтінімдерін бере алады, сондай-ақ сот құжаттарымен танысып, өздеріне қажетті сот актісін көшіріп алуға мүмкіндіктері бар. Және бұл ретте сот қызметкерлерімен қатынаста болмайды. Сот процестерінің дыбыс-, бейне барысын жазып алу жүйесі процестің барлық қатысушыларын тәртіпке баулумен, даулы мәселелерді шешуде қолғабыс болумен қатар, процессуалды емес қатынастарды барынша азайтады, бұл дегеніміз - сот жүйесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының шараларының бірі.

Судья Б. Дарибаев сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың себептері мен түрлерінің әртүрлі болатынын, уақтылы әшкере еткенде оларды болдырмауға бағыттайтынын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қарсы іс-қимыл шараларын әзірлеуді көздейтін нақты ұсыныстар мен жобаларды дайынджауға мүмкіндік береді. 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі