«Жеке айыптау істерін қарау ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент гарнизоны әскери сотында судьялар мен сот мамандары, аумақтардың әскери прокурорлары, әскери тергеу басқармалардың және әскери полиция бөлімдерінің өкілдерінің  қатысуымен «Жеке айыптау істерін қарау ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Судья  Г.Усманова  жекеше айыптау істері бойынша статистикалық мәліметтерді келтіріп, сотқа жекеше айыптау тәртібіндегі шағымдарды қабылдамау себептерін  түсіндіріп, сотқа материалдарды жолдау барысында жіберілетін кемшіліктер жөнінде айтып өтті.

Дөңгелек үстел барысында жеке айыптау істері бойынша түскен арыздарды тіркеу тәртібі, сотта қаралу ерекшеліктері және қылмсытық істер бойынша жекеше айыптау іс жүргізу барысында туындайтын мәселелер талқыланды.

Талқылаудың қорытындысы бойынша қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамалардың талаптарын басшылыққа алып, материалдарды дұрыс және сапалы ресімделуіне көңіл бөлуді ұсынылды.  

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі