Заттай мүлік түріндегі залал толықтай қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола гарнизоны әскери сотында талап қоюшы ҚР ҰҚК шекара қызметі 2014 әскери бөлім РММ-мі жауапкер В.Михалевскиге кию мерзімдері өтпеген заттай мүлік түріндегі залалды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралған.

Сотпен анықталғаны, В.Михалевский 2014 әскери бөлімде келісім шарт бойынша қызмет атқарған. Теріс қылықтары үшін бөлім командирінің бұйрығымен жұмыстан босатылған. Әскери қызметке түсу кезінде жауапкер кию мерзімі өтпеген, қалдық құны 92 042 теңге тұратын заттай мүлікпен қамтамассыз етілген.

Сот отырысында талапкер өкілі жауапкерден жалпы соммасы 92 042 теңге кию мерзімі өтпеген заттай мүлікті залал құны түрінде өндіруді сұрады.

Жауапкер тәртіптік теріс қылық жасағанына байланысты әскери қызметтен теріс себептермен жұмыстан шығарылған. Осылайша, әскери қызмет өткеру туралы келісім шарт  бұзылған.

Демек, жауапкермен ким-кешектің қалдық құны ақшалай қаражат түрінде қайтарылу қажет.

Сот шешімімен кию мерзімі ескірмеген заттай мүліктін құны түріндегі залалды өндіру туралы талап арызы толықтай қанағаттандырылған.

Сот шешімі заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі