«Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлерін жою гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент гарнизоны әскери сотында «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлерін жою гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында дөңгелек  үстел өткізілді.

Іс-шараға Шымкент гарнизоны әскери сотының судьялары, аймақтық әскери прокурорлар, әскери тергеу басқармалардың және әскери полиция бөлімдерінің өкілдері, әскери бөлімдердің заңгерлері қатысты.

Дөнгелек үстелде Сот төрағасы міндетін атқарушы Б.Каипов баяндама жасап, өз баяндамасында, «Гендерлік саясат қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет екенін және қоғамдық өмірде тек әйелдің ғана емес, ер адамның да тұлғалық  ерекшеліктерін қорғайтынын», - айтып өтті.

Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, қоғамдағы жынысқа байланысты зорлық-зомбылық тудыратын мәселелерді жан жақты талқылады.

Дөнгелек үстел өткізудің мақсаты барлық саяси, әлеуметтік процестердің толық  құқықты  әрі белсенді қатысушысы ретіндегі қазіргі заманғы әйелдің, көшбасшы әйелдің  бейнесі қоғамдық санада белсенді түрде қалыптастыру, елдің саяси өміріндегі әйелдің рөлін көрсету.

Қайнар: 
Әскери Соттың Баспасөз қызметі