Универсиада қарсаңында

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы Ж.Жайлаубай «Алматы қаласының мамандандырылған күзет қызметінің басқармасы» мм-нің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында,  2017 жылдың 29 қаңтар және 8 ақпан айларында Алматы қаласында дүниежүзілік қысқы Универсиада өткізілетіндігі айтылды. Терроризм және экстремизм қаупін алдын-алу универсиадаға келген қатысушылармен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыты болып саналады. Осыған байланысты барлық мемлекеттік қызметтер мүдделі тараптармен Универсиада өткізу дайындығында және өткізу уақытында қауіпсіздігін қорғау үшін жұмыс істейді. Сол  себепті, сот күзетін күшейту керектігін, одан басқа  «Сот ғимаратына  кірушілер үшін өткізу және объектішілік қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды» қатаң сақтау керектігін айтты. Сот қызметкерлерінің, оның ішінде судьялардың процессуалдық байланысын болдырмау, сот ғимаратына бөтен адамдарды кіргізбеу, сотқа қатысушылардың ұялы телефондарымен сот отырысы өтетін залға және сот ғимаратына кіргізбеуін қамтамасыз ету керектігін айтты.

Іс – шара соңында қатысушылар өз пікірлерімен алмасты.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі