Ұлы Отан соғысының ардагері, судья - Ашитов Зайырқан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Тәуелсіз ел атанып, терезесі өзгелермен теңескен тұста елді қорғау ерге сын болса, өткенді ескеру, тарихты тану бүгінгі ұрапаққа парыз. 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні. Осыдан 71 жыл  бұрын бұл күн адамзат тарихандағы ең сұрапыл,жойқын соғысы Ұлы Отан соғысы аяқталған күні. Қазақ топырағынан Ұлы Отан соғысына бір миллионан астам ержүрек жауынгерлер қан майданға аттанған. Олардың арасында  сот жүйесінде жұмыс істеген адагерді атап өтуге болады:

Ұлы Отан соғыс ардагері  Ашитов Зайырқан Омарұлы, 1925 жылы 26 желтоқсанда дүниеге келді.

1942 жылы 28 ақпанда әскери қатарына шақырылып, Алматы қаласы түбіндегі болашақ офицерлер дайындайтын жаяу әскерлер училищесінде оқып жүргенде, оқушылармен бірге соғысқа аттанды. 1942 жылы офицерлік шенді иененіп, жаулармен соғысқанда оқ тиіп жарақаттанды. Соғыс аяқталғаннан кейін Ленинград түбінде зенит-артиллериясы әскери бөлімінде жұмысын жалғастырды.

1947-1952 жылдары Пьярно қаласының заң академиясын үздік бітірді. Қызмет жолын КСРО қарулы күштері әскери трибуналынан бастады. Одан Қазақ КСР мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінің әскери трибуналының мүшесі болып сайланды.

1952-1976 жылдары армия, гарнизон, Түркістан, Забайкалье әскери округтері трибуналдарының мүшесі және Қызыл тулы Орта-Азиялық әскери округінің, Алматы гарнизоны армиясының әскери трибуналының төрағасы лауазымында қызмет істеді. 

Әділет полковнигі, академик, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ССР-дың еңбегі сіңген заңгері. Сот жүйесінде еңбек жолы 1952 жылдан 1976 жылға дейін жалғасқан. Отан соғысының, Қызыл жұлдыз, Ленинградты қорғағаны үшін, Жауынгерлік ерлігі үшін, Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін ордендер және т.б. 20 медальдың иегері.

Қазақстан Республикасы Әскери сотының ұжымы Ұлы мереке қарсаңында ҰОС ардагерлерін құттықтай отырып: қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері мен тылдағы табандылықтары ешқашан да ұмытылмайдығын айтып, ризашылығын білдіреді.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі