Үкім шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай гарнизонының әскери сотында 2016 жылғы 22 шілдеде ҚК-нің 189 бабының 3 бөлігінің 2 тармағымен (иеленіп алу немесе ысырап ету, яғни  кінәлі адамға сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау, адамдардың тобымен, қызмет бабын пайдаланып, лауазымды адаммен жасаған), 287 бабының 2 бөлігімен (тегіс және қысқа ұңғылы қаруын, немесе оның оқ-дәірілерін заңсыз беру) көзделген қылмысты жасаған үшін айыпталған 2032 санды әскери бөлімнің келісім-шарт бойынша әскери қызметшісі қатардағы жауынгері Р.С. Ержановқа және ҚК-нің 189 бабының 2 бөлігінің 1,3 тармақтарымен (иеленіп алу немесе ысырап ету, яғни  кінәлі адамға сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау, адамдардың тобымен, қызмет бабын пайдаланып), 287 бабының 2 бөлігімен (тегіс және қысқа ұңғылы қаруын, немесе оның оқ-дәірілерін заңсыз беру) көзделген қылмысты жасаған үшін айыпталған 2032 санды әскери бөлімнің келісім-шарт бойынша әскери қызметшісі қатардағы жауынгері Н.Ж. Көшірбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды.

Қызметтік міндеттері бойынша сотталушылар сеніп тапсырылған қару-жарақ пен техникаға жауапты еді.

Ержанов пен Көшірбаев 2016 жылғы 9 наурызда «Булаево» шекара комендатураның шекара бақылау құрамындағы тұлғалар ретінде болып жүріп, комендатураның қару сақтайтын бөлмесінен Макаров-травматикалық тапанщаны (ПМ-Т), оған жататын калибрі 9 мм. 16 травматикалық оқ-дәріні, 2 оқ-дәрінің магазинын және кобурасын ұрлаған. Мемлекетке сомасы 98 240 теңге көлеміндей зиян келтірілді. Ұрлаған нәрселерді А.Н. Овчиников азаматқа сақтауға тапсырған. Ол, ұрланған мүліктен құтылайын деген мақсатымен, оны теміржол вокзал аумағындағы қоқыс жинайтын шелекке лақтырып жіберген. Сол жерден лақтырғанды 2032 санды әскери бөлімнің әскери қызметшілері алып қойған.

Әскери соттың үкімімен сотталушылар айыпталған қылмысты жасаған үшін кінәлі деп танылды. ҚК-нің 55 бабын қолдана отырып, Ержановқа мүлікті тәркілеуімен, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойынша айыра отырып, оған 700 айлық есептік көрсеткіш көлеміндей (1 484 700 теңге) айыппұл жазасы тағайындалды.

Көшірбаевқа мүлікті тәркілеуімен, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 3 жыл бойынша айыра отырып, оған 2 жыл мерзіміне бас бостандығын шектеу түрдегі жазасы тағайындалып, сондай мерзімге дейін пробациялық бақылау белгіленді.

Оларға қолданған кепіл түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі